«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы №4 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.
18.04.2024 жылы округ әкімінің №39-ө өкімімен Саркенже Дастан Мақсотұлы 2024 жылдың 18 сәуірден бастап «Еспай» мәдениет үйі МКҚК директорының лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды.
30.05.2024 жылы округ әкімінің №43-ө өкімімен Канат Кайруллинді 2024 жылғы 2 мамырынан бастап зейнеткерлік шығуына байланысты Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан босатылды.
31.05.2024 жылы округ әкімінің №55-ө өкімімен Шаткарина Айнұр Нұрланқызын 2024 жылғы 1 маусымнан бастап денсаулық жағдайына өз өтінішіне сәйкес Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есеппшісі лауазымынан босатылды.
1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;
2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;
4) «Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;
5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;
8) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
9) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;
11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
12) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;
13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;
-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы; - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы; - 2020 жылғы 29 маусымдағы №350 VI «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі заңы;
9.«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.
Округте ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қывзметтік этика ержелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook.instagram) жарияламау және сол сияқты құқық бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Округте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.
Бюджетті жоспарлау:
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №271 «Ашық бюджеттер инернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өкізетін «Ашық бюджеттер» порталына «budget.egov.kz» орналастырылды.
Бюджет қаржысын игеру:
Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Округте негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде Баға ұсынысын сұрату тәсілменен - 18 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.
10.«Қызылқоға ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған, 31-5-45
сенім телефондары жария етілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы
_____________________З.Ғ.Шаликов
«____» _______________ 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Д.А.Әнетова
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________ Н.У.Байсейтов
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі
_____________________Н.А.Орынбасаров