«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың қыркүйек- желтоқсан айлары мен 2024 жылдың 6 айы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
20 маусым 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2024 жылғы 20 мамырдағы №35 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары мен 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 25 мамыр-20 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 2.
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің штаттық құрылымы – 18. Атап айтқанда 1 басшы, 2 бас маман, 1 іс қағаз жүргізуші, 1 хат тасушы, 1 есепші, 1 тазалықшы, 1 автокөлік жүргізуші, 10 спорт нұсқаушысы. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Бөлімде 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары мен 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
2024 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша барлығы 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
1) Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - 1;
Маусым айында аудан әкімінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы онлайн форматта мемлекеттік қызметшілер арасында бейнеконференция ұйымдастырып, онда бөлімнің бас маманы Г.Құрманғазиева бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметке қажетті құжаттармен таныстырып хабарлама жасады.
4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отырады.
Көрсетілген мерзім 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында 3 өтініш, 2024 жылдың 6 айы бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш, бөлім басшының атына 1 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
Бөлімде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Мекеме ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кітапханаларда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» ақпараттық сағаты, «Ізгілікті қоғам - жемқорлық қарсы» дөңгелек үстелі, «Адалдық – ардың ісі» тақырыбында кездесу шаралары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты 23 ақпан, 2024 жылғы «Қызылқоға» газетінің №8 санына «Жауапкершілікті арттырайық!» тақырыбында мақала, бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мақала, (https://www.facebook.com/share/p/9PHeFJCCm27sSekc/?mibextid=qi2Omg) және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/608810?lang=kk,
https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kyzylkogy/documents/details/608810?lang=ru жарияланды.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.
Бөлім бойынша 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында 55 бұйрық, 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 48 бұйрық қабылданған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
Электронды пошта: g.kurmangaziyeva@atyrau.gov.kz, байланыс нөмері 8/71238/2-18-57, 2-15-63;
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар: