Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«01 » шілде 2024 жыл                                                                                        Миялы ауылы

 

І.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі- «Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының               2024 жылғы 3 маусымдағы №39 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

 Сапиев Ержан Жолдасұлы - жұмыс тобының басшысы, бөлімнің сектор

меңгерушісі;

Сабекенова Гүлназым Жұмахметқызы - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

Төлеуғалиева Венера Төлеуғалиқызы-жұмыс тобының мүшесі, бас маман;

Василий Жұлдыз Нұрбекқызы – жұмыс тобының мүшесі, бас маман.

 4.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2024 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша.

5.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

2)персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;

1)Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,     нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Бөлім бойынша мемлекеттік мекемелердегі мүліктерді есептен шығару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Бірақ атауында «дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан» деп көрсетілген. Негізінен есептен шығарылып отырылған моральдық тозуынан жарамсыз мүліктер. Сондықтан атауын өзгертуге ұсыныс етеді.

         2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

1)Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 5 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және сектор меңгерушісі, 4 бас маман) мен 3 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу, хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы   8 қызметкер жұмыс істейді.

2024 жылдың 28 ақпанында №15 бұйрығымен бас маман Д.Нұғыметов өз еркімен жұмыстан босатылды.

2024 жылдың 6 ай есепті мерзімінде қорытындысы бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:   барлығы   – 33  бұйрық берілген.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123821842) жұмыс жасайды.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

Бюджетті жоспарлау:

Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                   № 1271 "Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.

 Бюджет қаржысын игеру:

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

1.Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында 5 келісім шарт өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілі арқылы отырылды.

  1. 3 келісім шарт негіздемелік келісімді пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңі арқылы отырылды.

Коммуналдық меншікті басқару:

 Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру,  тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz  сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz  сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

2024 жылдың 6 ай бойынша есепті мерзімінде 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның 7 маман өтініш қанағаттандырылды, 6 кері қайтарылды.

"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, аулдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметік қолдау  шараларын көрсету" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тағайындалды.

 

№

р/с

ТӘУЕКЕЛ

ҰСЫНЫМДАР

1

ҚР ҰӨМ 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрықтың 2 тарау 10 пунктіндегі Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде сұралатын құжаттар тізімінде жылжымайтын мүлік тіркелген құқықтар туралы құжат сұратылмайды.Осы заңдылықтың 1-қосымшасының 8 мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар деген пунктте бұл құжат сұратылады.

Осы қағидаға сәйкес  нақты жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы маңыздыма?

 

 

 

ІІІ. Қорытынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
  3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы, жұмысшы топтың жетекшісі

 

 

 

 

                                                 Е.Сапиев

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

                                          Г.Сәбекенова

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

                                      В.Төлеуғалиева

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі

 

 

 

                                              Ж.Василий

 

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
01 июля 2024