«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы
2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
20 маусым 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының 2024 жылғы 6 мамырдағы №24 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылдың 13 мамыр – 13 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
«Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39. электронды пошта: aulshar@mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-11-81.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің штаттық құрылымы – 7. Атап айтқанда бөлім басшысы, 2 бас маман, басшының хатшысы, есепші, тазалықшы, автокөлік жүргізуші. Бөлімнің бас маманы Оралбек Отарбай Есболсынұлы және бөлімнің бас маманы Т.Орынғалидың бала күтімінде болуына орай, аудан әкімі аппараты арқылы өткізілген конкурс нәтижесіне сәйкес, Гүлжанат Теңелбай Сансызбайқызы (негізгі қызметкердің бала күтімінде болуы), қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
6.Бюджет қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланып, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
2023 жылдың IV тоқсанында және 2024 жылғы бекітілген бюджет қаражаты және жыл ішінде бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мерзімінде «Ашық бюджетке» budget.egov.kz 3 рет жарияланып, тоқсандық есептілігі Қаржы Министрлігінің «е-минфин» бағдарламасына енгізілді.
2023 жылдың IV тоқсанында 12 084 800 теңгеге 1 ашық конкурс өткізіліп, мекемеге қызметтік автокөлік сатып алынды. Баға сұранысы бойынша 22 800 теңгеге және бір көзден сатып алуға 62 500 теңгеге қызмет көрсетуге келісім шарт жасалды.
Жыл басынан мемлекеттік сатып алудың 13 баға сұранысы бойынша конкурс өтіп 807 120 теңгеге (оның ішінде 10 рет 432 120 теңгеге тауарлар, 3 рет 415 000 теңгеге әр түрлі қызметтер) тауарлары сатып алынып, қызметтері көрсетілсе, негіздемелік келісімді пайдалана отырып, екінші кезең конкурс бойынша 3 рет 1 049 925 теңгеге өткізілді (1 рет тауарларға – 635 925 теңгеге, 2 рет қызмет көрсету – 414 000 теңгеге). О-маркет электрондық магазиннен тауар сатып алу бойынша конкурс 2 рет 21 600 теңгеге өткізілді. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен 3 рет конкурс өткізіліп 118 399 теңгеге тауар сатып алынды.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізге алынып, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр.
Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша бөлімнің қызметі бойынша 3 жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілді.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
Бөлімде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 2023 жылдың IV тоқсанында фейзбук және инстаграмм парақшаларында 12 хабарлама және 52024 жылдың 5 айында 3 хабарлама жарияланды. 2024 жылдың 5 айында 4 ауылдық округтерде өткізілген семинар-кеңестер, түсіндірме жұмыстар, ниет етуші тұлғалармен жүргізілген жеке қабылдаулар әлеуметтік парақшаларында уақытылы жарияланып отыр. «Қызылқоға ауданының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, әр түрлі бағдарламалар бойынша жасақталған бетшелер таратылды.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Қызылқоға» газеті бетіне және Atyrau.gov.kz интернет ресурсына 1 рет «45 адамға кеңес берілді» атты мақала жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.
Талданып отырған кезеңге бөлімнің мемлекеттік қызметшілердің әрекетіне шағымдану фактілері болмады.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде:
I-тәуекел. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 Заңының 5 тармағында (уәкілетті органдар құзыреті), әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді деп көрсетілген.
Алайда, осы заңның жергілікті атқарушы органға жүктелген құзыретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу құзыреттілігі көрсетілмеген.
II-тәуекел. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағында, «стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын бөлу кәсіпкерлік субъектілердің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады және жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде өткізіледі» делінген. Жергілікті атқарушы органдар бөлшек сауданы белгіленген орындарда конкурс өткізу үшін басшылыққа алынатын нақты конкурс өткізу тәртібінің қағидасы бекітілмеген.
Қорытынды: Талдау барысында бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталған жоқ.
Ұсынымдар: Аталған тәуекелдер бойынша, Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсыныс беру.
|
Жұмыс тобының жетекшісі: |
|
|
Сарбуфеева Зинеш Аққұлқызы_________________
Жұмыс тобының мүшелері: |
|
|
Отарбай Оралбек Есболсынұлы ________________
Теңелбай Гүлжанат Сансызбайқызы ____________
Серікбай Мөлдір Ақылбекқызы ________________
Ардақ Айсәуле Ардаққызы____________________ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|