«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі  сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«18» маусым 2024 жыл                                                            Жангелдин ауылы

        

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-аудан әкім аппараты) құрылымдық бөлімдерінің қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды округ әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №60 өкімімен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

1) Қанат Ғайса Мақсотұлы-округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы;

2) Байдаулетова Рысбике Нурымовна-зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы;

3) Ескалиева Гульфайрус Каиргалиевна-округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі;

4) Куанышева Жанар Максотовна-округ әкімі аппаратының бас маманы;

5) Қадиева Тыныштық Қадиқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;

6)Мурзагереев Дулат Сейтжанович-округ әкімі аппаратының бас маманы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2024 жылдың қаңтар мен мамыр аралығындағы кезең қамтылды.
  2. Округ әкімі Ғ.Қанатқа топ төрағасы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Округ әкімі аппараты-әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;

Округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республиксының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.

Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылы, Демеу Асанғалиев көшесі, №3А

  1. Аппараттың қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ді зерделеді.

 

2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штат саны                         5 бірлікті, техникалық қызметкерлер 15 бірлікті құрайды. Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдау, аудандық Мансап орталығы филиалының жолдамасы арқылы жүргізіледі.

 

Округ әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №42 өкімімен К.Бурабаев, А.Аязбаев, С.Сагынаев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты округ әкімі аппаратының от жағушы лауазымынан босатылды.

 

2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.

2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету;

Округ әкімінің аппаратында Е-лицензия базасы қолжетімді жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 5 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылып отыр. «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы халыққа қызмет көрсетуде. Бұрыш қажетті жабдықтармен жабдықталып, ағымдағы жылдың 5 айы бойынша                                 120 электрондық цифрлық қолтаңба және 26 электрондық көрсетілетін қызметтер көрсетілді.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауыл тұрғындарына насихаттау бағытында округ әкімінің аппаратында заңдылықтар ілінген стенд, көшелерге баннер ілінсе facebook, telegram әлеуметтік желілеріне ақпараттар салынып, брошюралар таратылды. Сонымен қатар, аудандық «Қызылқоға» газетіне                 2 мақала жарияланып, Атырау облысы интернет ресурстарына, яғни atyrau.gov.kz сайтына жарияланды. Электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алуға болатындығы жөнінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 4 түсіндірме, 1 ашық есік күні,                    2 семинар өткізілді.

 

2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

Округ әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.

2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

2024 жылдың ақпан айында аудан әкімінің уақытша міндетін ақарушы Е.Иғалидың Жангелдин ауылының тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы уақытылы аудан әкімі аппаратына берілуде.

Округ әкімінің 2024 жылдың І тоқсанда округ тұрғындарымен кездесуіндегі ұсыныс пікірлер бекітіліп, орындалысы туралы мәліметтер жинақталып отыр.

2.6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

2024  жылға  Жангелдин  ауылдық округі бюджеті шығыстары бойынша                  5 айға 57023,0 мың теңгеге нақтыланып,  56295,8 мың теңгеге 98,7% орындалды.

1-ші функционалдық топ жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсету шығындары бойынша 30784,0 мың теңгеге, орындалысы 30169,1 мың теңге, 99,7 пайызға орындалып отыр.

Атап айтқанда,

124001 – жергілікті бюджет есебінен ауылдық округ әкім аппаратына қаралған қаржы  30784,0 мың теңге, орындалысы 30169,1 мың теңге. Бұл қаржы ауылдық округ әкім аппаратындағы 5 мемлекеттік қызметкерге, 15 бірлік техникалық қызметкерлердің еңбек ақысына,салық төлемдеріне, қызмет бабында атқаратын функционалдық міндеттерді атқару үшін жасалатын шараларға, оның ішінде, іс сапар, лимит бойынша ұсталып отырған 1 бірлік қызметтік жеңіл автокөлікті ұстауға, коммуналдық төлемдерге, шаруашылық төлемдеріне жұмсалды.

7-ші фукционалдық топ  Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы шығындарына қаралған қаржы көлемі  46434,0 мың теңге қаралып, орындалысы  99,9 пайызды құрады.

124008 – елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 5 айға 2214,0 мың теңге қаралып, 99,9%  орындалып отыр. 

Жасалған жұмыстар бойынша есеп:

Жангелдин ауылы көшелеріндегі ауыспаған көше шамдарын лед шамына ауыстыру жұмыстарына2500,0 мың теңгеге баға сұранысын сұрату тәсілімен жарияланған болатын. Жеңімпазды анықтау қортындысы негізінде, ТОО Строй Монтаж-бен  1675,0 мың  теңгеге шарт жасалды.

Жангелдин ауылындағы көшелерге  лед шамы бағанаға орнатылып, (линия) тартылды.  Округтегі 8 көшеге  62 дана көше шамдарын лед көше шамына ауыстырылды. Жұмыс толығымен орындалды.

Көше жарығының электроэнергиясы қызметімен есептесу үшін «АтырауЭнергоСату» ЖШС-імен бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы  3999,9,0 мың теңгеге  келісім-шарт жасақталды. Оның 2212,4 мың теңгесі орындалды.

124009015– елді мекендердегі тазалық жұмыстары бағдарламасы бойынша

  1. Көктемгі-күзгі мезгілде қоқыс полигонын түйдіру жұмыстарына 640,0 мың теңгеге теңге ИП Даниярмен шартқа отырылып, көктемгі қоқыс  түю жұмыстары атқарылды.
  2. Ауыл ішілік контейнерлер мен урналарды тазалау жұмыстарына 4000,0 мың теңге қаралды. Баға ұсынысын сұрату негізінде 3496,0 мың теңгеге ТОО «Мерей-1»-мен шартқа отырылып, ай сайын қоқыс шығару жұмыстары орындалуда.
  3. Облыстық бюджеттен 10 дана қоқыс алаңдарын жасату жұмыстары 5,0 млн теңге бөлінді. Баға ұсынысын сұрату негізінде 2696,9 мың теңгеге ИП Есенғұлов Асхатпен шартқа отырылып, 16дана қоқыс алаңы контейнерлермен бірге жасату жұмыстары толық орындалды, қаржымен есептесілді.
  4. Елді мекендердегі жолды күтіп, тазалығын ұстау бойынша аудандық трансферттен 2097,0 мың теңге бөлінді.  Баға сұранысы тәсілімен жарияланып, нәтижесінде ИП Расул -мен 1800,0 мың теңгеге шарт жасалды. Нәтижесінде қыс мезігілінде Жангелдин ауылының көшелері қардан тазарту жұмыстары жүргізілді, теңгерімдегі ауыл ішілік автокөлік жолдарына белгілер орнатылып,  500,0 мың теңге игерілді.

124011 028 – елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру бағдарламасы бойынша Жангелдин ауылы орталық көшелеріне мерекелік баннер жасап ілу жұмыстарына 1000,0 мың теңге бөлінді.  Баға сұранысы тәсілімен жарияланып, нәтижесінде ИП Joni-мен 885,0 мың теңгеге шарт жасалды.  Нәтижесінде осы уақытқа  дейін  тығыздығы 400гр болатын баннерлер жасалуда.

2.7. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

2024 жылдың 5 айы бойынша округке  «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы, жеке тұлғалардан 17 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш түспеген.

Жеке тұлғалардың 17 өтінішіне жазбаша түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына уақытылы есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалады.

2.8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңынамасы тақырыбында ақпараттар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, аудандық «Қызылқоға» газетіне және Қызылқоға ауданының ресми интернет ресурсына мақала жарияланды.

Округке келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-60-30 бекітілген.

III. Персоналды бағалау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында округ әкімі кабинетінің кіреберісіне бейне бақылау орнату

Округ әкімі кабинетінің кіреберісіне бейне бақылау орнату

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы орташа

 

        

 

         Талдау нәтижесінде округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:

  1. Аудандық экономика және қаржы бөліміне Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында округ әкімі кабинетінің кіреберісіне бейне бақылау орнату үшін бюджеттік өтінім беру.

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен туындайтын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құрып, бекіту.

 

Жұмыс тобы мүшелері:

 

Округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы

                        Ғ.Қанат

 

 

Зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы

                        Р.Байдаулетова

 

 

Округ әкімі аппаратының бас-маман есепшісі

                        Г.Ескалиева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Ж.Куанышева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Т.Қадиева

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы

                        Д.Мурзагереев

 

 

 

 

        

«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
19 июня 2024