«Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 5 айы бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
« 13 маусым» 2024 жыл Жасқайрат ауылы
Ойыл ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №52 өкімімен құрылған топпен 2024 жылдың 5 айы бойынша Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-мамыр аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:
3-13 маусым аралығы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
5.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
«Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Х.Досмұхамедов 14.
1.Жұмыс тобының басшысы – Ойыл ауылдық округ әкімі М.Жексенов;
3.Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Дәрібаев;
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер 6 бірлікті, техникалық қызметшілер 13 бірлікті құрайды. Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылған жоқ.
Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерде жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жүргізіледі.
«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
2024 жылдың 15 сәуірдегі №34 өкімімен маусымдық жұмысқа қабылданған газ операторлары Қарасартов Ерлан мен Койбаков Азамат 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылды.
2024 жылдың 16 сәуірдегі №35 өкімімен округ әкім аппаратының балансындағы кеңсе ғимаратының күзетшісі Каленов Малик Бугетбаевич зейнеткерлікке шығуына байланысты 2024 жылдың 16 сәуірінен бастап жұмыстан босатылды.
2024 жылдың 16 сәуірдегі №36 өкімімен округ әкім аппаратының балансындағы кеңсе ғимаратының күзетшісі болып Мамбеткалиев Момыш Мамбеткалиевич 2024 жылдың 16 сәуірінен бастап келісім шарт негізінде жұмысқа қабылданды.
2024 жылдың 30 сәуірдегі №41 өкімімен округ әкім аппаратының іс-жүргізушісі Жангожина Жайнар Коблановна (жалақы сақталмайтын демалыстағы негізгі қызметкердің орны) негізгі қызметкер Ақбаева Эльмира Утегеновна жұмысқа шығуына байланысты 2024 жылдың 2 мамырынан бастап жұмыстан босатылды.
Бұл ретте талдау жүргізу барысында жұмысқа орналасқандар мен босатылғандардың сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ екені анықталды
2.Мүдделер қақтығысын реттеу
«Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету
Жыл басынан бері 2024 жылдың 5 айында 450 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 240 электрондық цифрлық қолтаңба және 352 электрондық түрде көрсетілетін қызмет көрсетілді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алуға болатындығы туралы тұрғындарға түсіндіру мақсатында аудандық «Қызылқоға» газетіне 2 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметтер бойынша «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды» Атырау облысының интернет ресурсына, яғни atyrau.gov.kz сайтына қағидалар орналастырылды.
4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы баға ұсынысы тәсілімен 38 лот жарияланып, 35 келісім-шарт жасақталды. Хабарландырудың камералық бақылау нәтижесінде 1 лот қайтарылды, құжаттамаларына өзгеріс енгізіліп, 1 лот қайта жарияланды. Айына екі рет мемлекеттік сатып алу порталына өзгеріс енгізіледі. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады.
2024 жылдың 5 айы бойынша округке «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы, заңды тұлғалардан 1, жеке тұлғалардан 9 өтініш келіп түскен.
Оның ішінде заңды тұлғаның 1 арызы қанағаттандырылды, 9 өтінішіне жазбаша түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалады.
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілерге жадынамалар, орталық көшеге 4 баннер, аудандық «Қызылқоға» газетіне 1 мақала жарияланды.
Округ бойынша сенім телефоны 2-52-54 бекітілген.
Сыбайлас жемқорлық талдау барысында анықталған тәуекелдер:
1-тәуекел:
Округ әкімі аппаратында трактор жүргізуші штаты болмауына байланысты теңгерімдегі МТЗ-82 тракторын уақытылы пайдалануға мүмкіндік болмай, қиындық туындауда. Соған сәйкес трактор жүргізуші штаты мәселесін қарастыру.
Ұсыным:
Аудандық экономика және қаржы бөліміне округ әкімі аппаратына трактор жүргізуші штатын бөлу жөнінде сұраныс беру.
Ойыл ауылдық округінің әкімі
жұмысшы топтың басшысы М.Жексенов
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі М.Борангалиев
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі Н.Мырзағалиева
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі А.Дәрібаев
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы, жұмысшы топтың мүшесі Г.Саламатова
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маман-есепшісі Г.Тілеулесова