Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Миялы ауылы 18 маусым, 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2024 жылғы 22 мамырдағы №32 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі:2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі;
Сәрсенова Жарқынгүл Қазбекқызы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ мүшесі:
Әділов Данияр Русланұлы– Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;
Тасжанова Әйгерім Мұратқызы – Аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі, топ мүшесі:
Ардақ Айсәуле Ардаққызы - «Upgrade Атырау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сарапшы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізудің бағыттары:
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Бөлім бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- Персоналды басқару, кадрлардың ауысуы
- Сәйкестік туралы декларациясы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Аудандық ішкі саясат бөлімінде 2024 жылға 6 әлеуметтік тапсырыс өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда 3 жобаның жеңімпазы анықталды.
- Ауданымызға өр суының келуіне байланысты ауданда төтенше жағдайлар жарияланып, жоспарланған3 жоба кейінге қалдырылды.
Қазіргі уақытты аталған 1 жоба порталға салынды.
- Бөлім бойынша қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Бөлім бойынша бөлім басшысымен 2024 жылдың қаңтар-маусым айларында 35 бұйрық қабылданды. Аталған бұйрықтар заңға сәйкес қабылданды.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдар,нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
- Бөлімге келіп түмкен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны 8. E-otinishке келіп түскен өтініштерге уақытылы жауап берілді.
- Персоналды басқару, кадрлардың ауысуы:
- Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 3; азаматтық қызметшілер саны - 6. (1 әдіскер, 1 хатшы, 1 аудармашы, 1есепші, 1 архивариус және 1 автокөлік жүргізушісі). Барлығы 9 қызметкер жұмыс істейді.
- Мүдделер қақтығысы жоқ.
- Кадрлық тағайындауларға жұмыспен қамту орталығы арқылы және «Enbek.kz» сайты арқылы жүргізіледі.
- Сәйкестік туралы декларациясы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды.
- Бөлімде 8-71-238-21512 номері «Сенім телефоны» ретінде бекітілген.
- Мемлекеттік сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтылап, бекітілген.
- Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған.
- Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақытылы жасалады және олардың шартқа сәйкес орындалуы бақыланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаумақсатында жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойыншаберілген ұсыныстар:
- Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою:
- Әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылатын шаралардың мерзімін нақты көрсету, қаржыларды уақытында толық игеру;
- Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды ақпараттық насихаттау:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
|
1
|
Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, топ жетекшісі
|
|
2
|
Сәрсенова Жарқынгүл Қазбекқызы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, топ мүшесі
|
|
3
|
Әділов Данияр Русланұлы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман, топ мүшесі
|
|
4
|
Тасжанова Әйгерім Мұратқызы
|
Аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі, топ мүшесі
|
|
5
|
Ардақ Айсәуле Ардаққызы
|
«Upgrade Атырау» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы, топ мүшесі
|