БЕКІТЕМІН»
Тайсойған ауылдық округінің әкімі _____Т.Қозбақов
« » ____ 2024 ж.
ТАЙСОЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ АППАРАТЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУІПТЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАРАША-МАУСЫМ АЙЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
1.Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі - Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелер.
2.Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.
Тайсойған ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 49 өкімімен бекітілген, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
3.Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Жұмыс тобының басшысы:
Қозбақов Туреш Орынбасарұлы ;
Жұмыс тобының мүшелері:
Нухесова Уміт Нухесқызы-бас маман;
Шаденова Жарқынай Елемесовна- есепші бас маман;
Саматов Манас –шаруашылық меңгерушісі;
4.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
2) персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
3) Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
4)Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 12 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 2 адам, келісім-шарт қызметкерлер саны – 9 қызметкер (шаруашылық меңгерушісі, іс-жүргізуші, тазалықшы, автокөлік жүргізушісі, күзетші , электриг,сантехник) жұмыс істейді.
02.05.2024 жылы округ әкімінің №39 өкімімен күзетші қызметіне А.Даулетова тағайындалды.
Округке қарасты барлық мекемелерде ұсыныс-пікір мен шағым жәшіктері орналастырылып, арыз-шағымдар электронды түрде жүзеге асырылып отыр.
Тайсойған ауылының орталығындағы Ғ.Сланов көшесінде Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек, Сыбайлас жемқорлық-арам ақша арқылы таралатын індет баннер орнатылды.
Тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени мекемелердің ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне арнайы жадынамалар ілінді.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
2023 жылдың қараша, желтоқсан айлары бойынша округ әкімінен барлығы 16 өкім және 2 шешім, 2024 жылы қаңтар-маусым айларында 53 өкім және 4 шешім барлығы 69 өкім және 6 шешім шығарылған.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, аппаратта «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.
Округ әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталады.
Округ әкімі аппаратының дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары орнатылды. Округ әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Аппараттағы материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақталады.
Округ әкімі аппараты және ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Округ әкімі аппаратының негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 11 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.
«Тайсойған ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың қараша, желтоқсан айлары бойынша 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша жеке тұлғалардан арыз түскен жоқ.
«Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және ведомстволық бағыныстағы мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының басшысы: ____ Т.Қозбақов
«_» ___ 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: _____ У.Нухесова
«_» ____ 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: _____ Ж.Шаденова
«__» ____ 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізген,
жұмыс тобының мүшесі: _____ М.Саматов
«__» ____ 2024 жыл