«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша талдамалық

АНЫҚТАМА

                                                                                             

13 маусым  2024 жыл

 

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының  2024 жылғы 6 мамырдағы  №40 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        13 мамыр-13 маусым  аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        13 мамыр-13 маусым  аралығы.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша.

«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің штаттық  құрылымы – 10. Атап айтқанда басшысы, сектор меңгерушісі, 2 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу жоқ
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2020 жылғы                        01 қазандағы №301 бұйрығы және  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/269 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

Мемлекеттік қызметтер e-license.kz және egov.kz веб порталдар арқылы және қағаз түрінде көрсетіледі.

2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша барлығы 748 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде:

  1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 279;

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 28;

3) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0;

4) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 14;

5) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 9;

6) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;

7) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 76;

8) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 2;

9) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 18;

10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою –272;

11) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-50

12) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы мелиоратитвтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғару арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (түлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру-72;

13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылығы, мелиоратитвтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлiктер беру-21;

14) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан  өткiзу-27;

15) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)- 0 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, «Жерге орналастыру қалай жүзеге асырылады»  (24.05.2024ж №21 (7381), «Жер беру қалай жүзеге асырылады» атты мақалалар «Қызылқоға» газетіне мақала жарияланды (12.01.2024 ж №2) және « Жарамды техника жолда қалдырмайды» (16.02.2024ж №7),  «Техникалық байқау қашан басталады» (15.03.2024ж №11)

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

         Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары   бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру- жоқ

          6.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

         Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін  іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр және 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында бөлімнің үнемделген қаржы болмауына орай,  қызметкерлерді көтермелеу кезінде сыйлықақы берілді.

 

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар-мамыр айлары бойынша  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 24 өтініш, 14 сұрау түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың 3 тоқсаны бойынша Е-өтініш ақпараттық жүйесіндегі сұраныс хатына ескерпе жазылмауына байланысты бөлімнің бас маманы Ж.Махметоваға қызметіне толық сәйкес емес  түріндегі тәртіптік шара қабылданды.

         Сонымен қатар, аудандық жер комиссиясы 8 рет өткізілді. 73 өтініш қаралып, нәтижесінде 60 өтініш қанағаттандылырылып, 13 мәселеге заң шеңберінде қанағаттандырудан бас тартылды.

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, «Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында брошюралар таратылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы» атты мақала Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына және бөлімнің әлеуметтік желісіне жарияланды.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-15-18 бекітілген.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде :

            І-тәуекел. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы жер учаскесінің кескінін өзгерту бойынша  жасырын қызмет көрсетіледі. Жер учаскесінің кескінін өзгертуге жер пайдаланушылары округ әкіміне өтініш жазады (сызбаларымен қоса). Округ әкімдері ұсыныспен  бөлімге жолдайды. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі ұсыныс негізінде тиісті мекемелерден келісім алу үшін жолданады. Мекемелерден келген келісім негізінде жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын жасақтауға қорытынды беріледі. Келісім берілмеген жағдайда бас тарту хабарламасы жолданады. Жер пайдаланушымен окуруг әкімімен және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен байланыс орнату мүмкін. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдауды ұсынады.

         Жоғарыда аталған қызметтер бойынша қағидаға енгізу үшін жоғары органға  ұсыныс жолдау.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.

электронды пошта: kizilkoga-jer@mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-15-18.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 11-15 тамыз аралығы.
  2. Бақыланатын кезең: 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;

2.Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;

  1. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау;
  2. Жасырын көрсетілетін қызметтер бойынша қағидаға енгізу жөнінде жоғары органға ұсыныс жолдау;

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімінің басшысы жұмысшы  топтың  жетекшісі

 

 

Е.Нуралин

 

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

Ә.Шаймарданов

 

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімінің бас маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

Қ.Айыпқалиев

 

Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастары бөлімінің бас маманы жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

 

Ж.Махметова

 

 

«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары және 2024 жылдың қаңтар- мамыр айлары бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Дата публикации
04 июня 2024