«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 3 айы бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша

2024 жылдың 3 айы бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау

                                                                                             

мамыр 2024 жыл

 

      Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының                    2024 жылғы 25 сәуірдегі  №58 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.

         Талдау кезеңі: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:                        6-30 мамыр аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. Бақылау-тексеру функцияларыніскеасыру
  6. Бюджет және қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу
  7. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
  9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қал құрылысы бөлімінің штаттық  құрылымы – 8. Атап айтқанда бөлім басшысы 1,  бас маман – 4, басшының хатшысы – 1, әдіскер – 1, автокөлік жүргізуші – 1. Қазіргі уақытта 1 басшының хатшысының орны бос.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу жоқ
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету

Бөлім арқылы төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Обьектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 9 қызмет;
  2. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 34 қызмет;
  3. Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну – 25 қызмет;
  4. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 62 қызмет).

         Мемлекеттік қызметтер мерзімінде көрсетілді.

         Бөлім арқылы жеке тұрғын үйлерді өзіндік дербес қабылдау актілерін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Алайда, бұл қызмет мемлекеттік қызметке жатпайды.

         4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

         Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру. Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.

          6.Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

         Бөлімге ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларына арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 177 486,0 мың.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде 162 470,4 мың.теңгесі игерілсе, 15 016,0 мың теңге қаражат мердігер мекемемен мерзімінде қосымша келісім шарт жасалмауы себебінен игерілмеді. 

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.        

         Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі. Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлығы 10 баға ұсыныстарын сұрау жарияланды. Оның ішінде 9 баға ұсынысы толық орындалып, 1 баға ұсынысының жарияланған қаржысы қате болуына байланысты сатып алудан бас тартылды. Жауапкершілікке тартылуға жататын құқық бұзушылықтар орын алмады. Қазіргі уақытта, Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқандау туралы» №244 қаулысына сәйкес, «Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ-сі Атырау қаласы мен аудандардың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалуына байланысты, конкурс тәсілімен барлық деңгейдегі мемлекеттік салып алуды ұйымдастырады.

         Бөлім бойынша құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші болып табылады. Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде, құрылыс нысандарын салуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Мердігерлер жасалған жұмыстың көлемінде, авторлық және техникалық қадағалаушының растауымен жасалған жұмыстар туралы акт жасалып, тапсырыс берушімен қол қойылады. Акт қағаз нұсқада жасалып, төлем жасалады.  

        

  1. Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2024 жылдың 3 айы бойынша  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен заңды тұлғалардан 1 өтініш, 1 хабарлама және жеке тұлғалардан 3 арыз келіп түсті. Оның ішінде заңды тұлғаның                               1 хабарламасына түсінік беріліп, 1 өтініш қанағаттандырылды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың 3 арызына түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына мерзімінде есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалды. Алайда, заңды тұлғаның өтініші мерзімінде тіркелгенімен өтініш түрі хабарлама болып өзгертіліп, заң бұзушылық анықталды. Заң бұзушылыққа жол берген жауапты бас маман А.Бейбітовке ескерту түріндегі жаза қолданылды.   

  1. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы

         Қызылқоға аудандық құрылыс, әулет және қала құрылысы бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.

         Бөлім аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан. Ғимаратта  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ «Құқықтық шараларды талап етеді», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы  қалай алуға болады» «Қызылқоға» газеті бетіне және бөлімнің фейзбук және инстаграм парақшаларында эскизді келісім алуға шағын видеороликтер жарияланды.

         Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-13-42 бекітілген.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер

         Аудан әкімі аппаратының 29.03.2024 жылғы №06-06-01-04/822 тапсырмасына сәйкес, бөлімге «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен 23.01.2024 жылы №ЗТ-2024-02940989 өтініш бойынша, өтініштің түрін таңдауда қателікке жол берілгендігі анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 4 бабы,                             32 тармағын бұзуға жатады.

         Тәуекелдер: өтініштерді қарау кезінде ҚР ӘРПК-де көзделген әкімшілік рәсімді жүзеге асыруды бұзу.

         Ұсыным: бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинар-кеңестерін өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау.

        

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары

 

І. Кіріспе

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі 4 үй.

электронды пошта: kizilkoga-stroi@mail.ru байланыс нөмері 8/71238/2-13-42.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 6-30 мамыр аралығы.
  2. Бақыланатын кезең: 2024 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығы бойынша

ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:

  1. Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
  2. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
  3. Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.
  4. 4. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары мен нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинар-кеңестерін өткізу бойынша аудан әкімі аппаратына ұсыныс беру.

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жұмысшы  топтың  жетекшісі

 

 

А.Бейбітов

 

Қызылқоға аудандық аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

С.Бағытжанов

 

Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскері, жұмысшы  топтың  мүшесі

 

 

 

Н.Қуанышқалиев

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2024 жылдың 3 айы бойынша талдамалық анықтаманы жария талқылау
Дата публикации
20 мая 2024