Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округінің әкімін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Миялы ауылдық округінің әкімі болып Багдаров Аманкелди Оразбаевич, 1981 жылы туған, «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ–ның әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны тіркелді.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы