Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

   2024 жылғы 5 мамырда Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл  ауылдық  округтері  әкімдерінің сайлауы өтті.

   

     Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабы   9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-баптарына сәйкес, Қызылқоға  ауданы  Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:    

           

     Жангелдин ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 965 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 571. Жарамсыз бюллетеньдер саны 1, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  6.

   Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  А.Д.Дәрібаевқа

  65

  Б.К.Қазиевқа

 118

  Ғ.М.Қанатқа

  381

           

        Жангелдин ауылдық округінің әкімі болып Қанат Ғайса Мақсотұлы 1968 жылы туған, Қызылқоға ауданы, білім  бөлімінің «Миялы орта мектебі» КММ-ның директоры, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

      Миялы ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4772 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 2754. Жарамсыз бюллетеньдер саны 16, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны 42.

   Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  А.О.Бағдаровқа

 2002

  К.Н.Бисенбаевқа

 694

 

     Миялы ауылдық округінің әкімі болып Бағдаров Аманкелді Оразбайұлы  1981 жылы туған, «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынылған кандидат сайланды.

 

   Тасшағыл ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1043 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 751. Жарамсыз бюллетеньдер саны 2, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны 9.

            Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Г.Н.Ізімоваға

  543

 Р.Е.Қуановқа

 158

 Р.Б.Сүйіновке

  39

    Тасшағыл ауылдық округінің әкімі болып Ізімова Гулшара Нәдірқызы  1971 жылы туған, «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 Қызылқоға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
06 мая 2024