Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу ХАБАРЫ

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

кандидаттарды тіркеу

 ХАБАРЫ

        Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы 9-тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қызылқоға  ауданы  Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Жангелдин ауылдық округі бойынша:

Казиев Бисенбай Камиевич 1969 жылы туған, «Миялы ауылдық округі әкім аппараты» ММ -ның бас маманы, Қызылқоға ауданы,  Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Дәрібаев Ақниет Дәрібайұлы 1994 жылы туған, , «Ойыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ -ның бас маманы, Қызылқоға ауданы,  Жасқайрат ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Қанат Ғайса Мақсотұлы 1968 жылы туған, Қызылқоға ауданы білім бөлімінің «Миялы орта мектебі» КММ -ның директоры, Қызылқоға ауданы,  Жангелдин ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды

Миялы ауылдық округі бойынша:

Багдаров Аманкелди Оразбаевич 1981 жылы туған, «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ -ның әкімі, Қызылқоға ауданы,  Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Бисенбаев Кенжебек Нурланович 1989 жылы туған, "Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ –нің аудандық "Арман" мәдениет үйі МҚКК-ның  директоры, Қызылқоға ауданы,  Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Тасшағыл ауылдық округі бойыншы:

Суюнов Ринат Болатович 1984 жылы туған, «Қызылқоға ауданы әкімі аппараты» ММ-нің кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, Миялы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Изимова Гулшара Надировна 1971 жылы туған, «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ -ның әкімі, Тасшағыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылды

Куанов Роллан Ескайрович 1981 жылы туған, «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ -ның бас маманы, Тасшағыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

                                                          Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу ХАБАРЫ
Дата публикации
15 апреля 2024