Құқықтық тәртіп- мемлекетте белгіленген тәртіп!

 

                            Құқықтық тәртіп- мемлекетте  белгіленген тәртіп!

 

           Қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес,ұрлық және адам өлтіруге дейінгі құқық бұзушылықтардың барлық түріне бітіспес көқарасты талап етеді. Әйелдер мен балаларға қарсы кез келген зорлық -зомбылық фактілерінің жолын нық кесу керек. Өз кезегінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған.

          Осы ретте, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау, көшелерде және басқа да қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында, осы жылдың 15-17 наурыз күндері аралығында аудан аумағында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық құрылым мүшелерімен және тағы басқа өзара іс-қимылда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық            іс-шарасы өткізілді.

         Осы ретте, тәртіп сақшылары іс-шара барысында көшелерде және қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту мақсатында тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет етеді. «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

        Сондай-ақ округтегі ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары атқарылуда.

 

 

  Сарбаева Жанаргуль Жаңбырбекқызы

  Мұқыр ауылдық  округі әкім аппаратының бас маманы

 

Құқықтық тәртіп- мемлекетте белгіленген тәртіп!
Дата публикации
12 апреля 2024