СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫ ЖОЮ - МІНДЕТ

СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫ  ЖОЮ - МІНДЕТ

 

      Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

     Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Ал шешімі күрделі әлеуметтік мәселелер де бар. Соның бірі -сыбайлас жемқорлық. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан түрлі жұмыстар да баршылық, дегенмен бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

 

     Мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індетпен күресу үшін  халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

 

    Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына тосқауыл болу біздің басты міндетіміз.

 

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫ ЖОЮ - МІНДЕТ
Дата публикации
11 апреля 2024