Сағыз ауылдық «Аналар кеңесінің» 2024 жылдың 1 тоқсанында жұмыс жоспарына сәйкес атқарған жұмыстары
Сағыз ауылдық округі жанынан құрылған Аналар кеңесінің негізгі жұмысы отбасы институтын сақтау мен нығайту, отбасы мәртебесін арттыру, ұрпақ тәрбиесі, ажырасудың алдын алу бағытындағы жұмыстар, өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға кеңестер беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы ер мен әйелдің денсаулығын сақтау және тағы басқа мәселелер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу. Атап айтсақ, 31 қаңтары күні Сағыз ауылының медиаторы, Аналар кеңесінің мүшесі М.Аяғанова округ бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарына өз саласы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. 16 ақпан 2024 жылы Ауғанстан соғысы ардагерінің зайыбына құрмет көрсетіліп, естелік сыйлық табыс етілді. Алғыс айту күнінде кеңес мүшелерінің құттықтау видеосы әлеуметтік желіге орналастырылды және ауылдағы мүмкіндігі шектеулі аналарға құрмет көрсетіп, үйлеріне барып құттықтады. Халықаралық әйелдер күнінде округ әкімінің мерекелік шарасына аналар кеңесінің төрайымы және мүшелері шақырылып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде су тасқынынан қорғану үшін бөгеттер салу кезінде жұмыс жасаған адамдарды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған аналармен түсінік жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі, көп балалы аналармен жұмыс жасау жалғасын табатын болады.