Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

 

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексі  696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы

 

Т. Бейсқали

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 19.03.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5156-06 болып енгізілді

 

Резултаты согласования

Кызылкогинский районный маслихат - Руководитель аппарата Канат Темирович Кумаров, 18.03.2024 10:53:32, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Кызылкогинский районный маслихат - Председатель районного маслихата Толқын Ермекқызы Бейсқали, 18.03.2024 10:57:00, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы
Дата публикации
08 апреля 2024