Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №33110 санымен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде ставка бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы

 

Т. Бейсқали

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 19.03.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5157-06 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Кызылкогинский районный маслихат - Руководитель аппарата Канат Темирович Кумаров, 18.03.2024 10:52:22, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Кызылкогинский районный маслихат - Председатель районного маслихата Толқын Ермекқызы Бейсқали, 18.03.2024 10:56:21, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
08 апреля 2024