Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қызылқоға ауданының әкімі |
Қ.Әзмұханов |
«Келісілді»
Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы:
Т.Бейсқали
|
|
Аудан әкімдігінің 2024 жылғы"____" ____________ №______ қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ
1)аудандық жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесі) директоры;
2)әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
3)әлеуметтік қызметкер;
4) массажист;
5) мейірбике;
6) әдіскер;
7) дефектолог;
8) тәрбиеші;
9) логопед;
10) емдік денешынықтыру нұсқаушысы;
11) психолог.
1)аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры;
2)аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директорының орынбасары;
3)кітапханашы;
4)библиограф;
5) сектор (бөлім) меңгерушісі;
6) барлық атаудағы редактор;
7) көркемдік жетекші;
8) үйірме жетекші;
9) музыка жетекші;
10) барлық атаудағы режиссер;
11) мәдени ұйымдастырушы;
12) музыкалық жетекші;
13) суретші;
14) кітапханалық процесстерді автоматтандыру жөніндегі инженер-технигі;
15) барлық атаудағы әдіскер;
16) дирижер;
17) режиссер;
18) балетмейстр;
19) хореограф;
20) аккомпаниатор-концертмейстер.