Мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адал бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау және ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау мәселелеріне қатысты бірқатар Ережелерге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, инвестициялық салымдарды, сыйақы мөлшерлемелерін және қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қызметтерге көрсетілетін қызметті алушыларға үшін күту парақтары енгізілген. Енді фермерлер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының болуына қарамастан өз өтінімдерін бере алады. Бұл мемлекеттік қолдауды кезектілік тәртібімен алуға және аграршылар арасындағы әлеуметтік шиеленісті ішінара жеңілдетуге көмектесті.
Тауар өндірушілерге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға қайтарымсыз қаражат алуға өтінімді Subsidy.plem.kz, сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыруға бағытталған өтінімдер беруге арналған gosagro.kz автоматтандырылған жүйелері арқылы өтінімдер беріп, ақпараттар алуға болады.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласының жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жоспарына сәйкес, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бөлінген субсидиялары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарының сақталуы жөнінде барлық округтер араланып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесі «Фэйсбук» әлеуметтік желісі арқылы және «Қызылқоға фермерлері» Whats App әлеуметтік желісі арқылы тұрақты түрде жарияланып келеді.
Алдағы уақытта да бөліммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.