шешіміне қосымша
Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі,олардың шекті толу нормаларын, арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмеген объектілердің іргелес аумақтарының шекаралары
- Қызылқоға ауданында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары:
|
№
|
Арнайы орындар
|
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
|
Шекті толу нормасы
|
|
1
|
«Жастар» паркі
|
1.Жасанды жарықтандыру;
2. Электр энергиясын қосуға арналған нүкте;
3. 20 тұрақ орындары (1кіру,1 шығу);
|
250 адамнан астам емес
|
- Қызылқоға ауданында демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы маршрут:
|
№
|
Арнайы орындар
|
Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
|
Шекті толу нормасы
|
Жүру қашықтығы
|
|
1.
|
Миялы ауылы,
«Жастар» паркі, А.Құнанбаев көшесі мен А.Құттыбаева көшесінің қиылысына дейін
|
1.Маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
2. Бейне камералар орнатылған
3. 20 тұрақ орындары (1 кіру, 1 шығу);
|
200 адамнан астам емес
|
700 м
|
- Қызылқоға ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны (пикеттеу, жиналыс және митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) немесе өтінішті (демонстрация және шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізу үшін) оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн ішінде арнайы өткізу орнына келесідей сұрақтармен барады:
- Бейбіт жиналыстарды өткізу орнының материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуімен танысу;
- Шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
- Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын.