АУДАН КӨШЕЛЕРІ ЕРІГЕН ҚАР СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

АУДАН КӨШЕЛЕРІ ЕРІГЕН ҚАР СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

 

          Наурыз айының 19 мен 25 аралығында ауа-райының күрт жылынуына байланысты, №10 ӨСБ-нің байланыс бекетінің ақпараттарды есепке алу кітабына 6 хабарлама тіркеліп, Миялы ауылы ішіндегі ойлы жерде орналасқан А.Жангелдин, К.Қуанышов, Д.Жұмалиев, А.Құттыбаев, Т.Аубакиров, А.Сәлімгерева көшелерінің бойындағы тұрғын үйлерге қардың еріген су кіру қауіпі орын алған болатын.   

         Жоғарыда аталған хабарлама бойынша №10 ӨСБ-нің қызметкерлерімен 2 дана мотопомпа, 1 дана жергілікті атқарушы органның тіркемелі өртсорғыш станциясы (пнс) және 21 адам ауысып кезекшілікпен 18 374 куб су алу жұмыстары ұйымдастырылды.

           "Қайнармұнайгаз" МӨБ мекемесінің 1 су айдайтын (агрегат) КАМАЗ және 1 су тасымалдайтын КАМАЗ (19 текше метр) арнайы техникаларының көмегімен Миялы ауылы, А.Құттыбаева көшесінің бойынан 760 куб суларын алу жұмыстары жүргізілді.

           Сондай ақ, Мақат аудандық электрмен қамту орталығы мен Индер ауданының тазалық мекемесінің 2 бірлік жерді бұрғылау арнайы техникасының көмегімен, 50 шақты  жерді тесу арқылы, суларды сіңдіру-сорықтыру жұмыстары жүргізілді.

           «Тазалық» мекемесінің 1 бірлік, жеке кәсіпкерлердің 1 бірлік вакуум арнай техникасымен  Миялы ауылының 12 көшелері (И. Тайманов, К. Жайлығанов, Ә. Сәлімгереев, Қ. Өміршин, А. Құттыбаева, С. Үсенов, А. Құнанбаев, Т. Қарабалин, Ж. Жабаев, М. Мәметов, Т. Әубәкіров, Мөлтек 4 шағын ауданы) мен барлығы 23 жеке тұрғын үй аулаларынан 1 200 куб су сору жұмыстары жүргізілді.

           2 мотопомпамен Миялы ауылының 2 көшелерінен 700 текше метр суларды  қауіпсіз аймаққа сорып далаға төгу жұмыстары жүргізіліп, аталған көшелердің бойында орналасқан тұрғын үйлердің су басу қауіпі барынша төмендетілді.  Аталмыш жұмысқа Миялы ауылдық округі әкімдігінен 14 адам және 7 арнайы техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

         Миялы ауылының айналма жолдың аржағынан ұзындығы 2,7 км бөгеттерге және Бәйсеу шағын ауданы маңынан ұзындығы 1,5 км бөгеттерге тасымал арқылы топырақ төгіп, биіктету жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Атырауинжстрой» ЖШС, «Ассана-ДорСтрой» ЖШС, ДК «Шерали», ДК «Тазалық» мекемесінің 1 экскаватор, 2 погрузщик, 7 КАМАЗ арнайы техникалары жүргізуде.

         Сондай-ақ, ауданға қарасты 9 ауылдық округтерде де ауыл ішіне жиналған қар сулары қауіпсіз аймақтарға шығарылып,  ахуал тұрақталды. Су басуды болдырмау мақсатында барлық дербес бөлімдер, мекемелер және еріктілер арқылы наурыз айынан бастап тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

АУДАН КӨШЕЛЕРІ ЕРІГЕН ҚАР СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ
Дата публикации
28 марта 2024