Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына,     21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері шекарасында Жангелдин, Миялы және Тасшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын.
  2. Сайлау округтерінің тізімдері мен шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға

М. Муканов

 

 

Хатшы 

Е. Ульжабаев

 

Миялы ауылы

27.03.2024 ж.

№1

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
27 марта 2024