Мемлекеттік қызмет қоғам айнасы

Мемлекеттік қызмет қоғам айнасы

 

        Бүгінде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту тапсырмасын жүзеге асыру аясында бірқатар заңға тәуекелді актілер дайындалды. Енді мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық-нормативтік құжаттарға өзгертулер енгізумен шектелмейді. Мұндағы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қыметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол үшін мемлекеттік қызметшіге саналы түрде өзгеріс қажет. Бұл ниет қалаулары мен ұстанымдық қағидаттарын өзгерту талабын тудырады.

Қазіргі біздің қоғам мемлекеттік қызметшілердің елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірбиесін отанымыздың дамуына жұмсауын күтеді. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық жетілуі - тұтастай қоғам өзгеруінің алғышарты. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы қажет. Ол үшін мемлекеттік қызметші кәсіби, тұлғалық ізгі қасиеттерді бойына жинақтап, ісжүзінде оның нәтижесі көрініп тұру керек.

Мемлекеттік қызметшінің саналы жаңғыруындағы басты ұстанымның  бірі – ашықтық. Ашықтық халық пен мемлекеттік аппараттың арасындағы байланысты нығайтып, ауызбіршілікке жол ашады. Жұртшылық талабымен санасуды, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірін ескеруді талап етеді. Ашықтықтан күтілетін нәтиже – қоғам тарапынан сенімге ие болу. Сондықтан пікір алуандылығына ашық, шешім қабылдауда әділ болу басты ұстанымға айналуы қажет.                               

 

 

 

Аудандық кәсіпкерлік

бөлімінің бас маманы                                                                          О.Отарбай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызмет қоғам айнасы
Дата публикации
27 марта 2024