«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»

 

       Сыбайлас жемқорлық - қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

        Қоғамның қабылеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш жігері қажет.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу не беру болып табылады. Еліміздің әрбір азаматы қандай да бір заңнаманы сәйкесінше қолдана білсе, мемлекеттік қызметкердің өз лауазымын заңсыз қолдануына жол бермесе, яғни заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиімді қолданса еліміз дерттен арылып,әлемдегі дамыған елдер қатарынан орын алуына үлкен үлес қосылар еді.

Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында түсіндірме жұмыстарын үнемі тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп тұрады.

 

Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дина Әнетова

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
Дата публикации
26 марта 2024