«Құқықтық тәртіп» профилактикасы

«Құқықтық тәртіп» профилактикасы

 

     Мемлекет басшысы Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуын, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл ретте ол «Заңдылық пен тәртіп» қағидаты қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси нұсқаулығы болуға тиіс екенін атап өтті.

Қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелеске, ұрлық пен кісі өлтіруге дейінгі барлық құқық бұзушылықтарға бітіспес көзқарасты талап етеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік, бұзақылықты қоса алғанда, заң мен тәртіпті бұзудан абсолютті бас тарту атмосферасын құру қажет. «AMANAT» партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, жастар ресурстық орталығымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, еріктілермен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелерімен және т. б. өзара іс-қимыл жасай отырып. «құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қорғау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

 

 

«Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы Нығметов Дулат Теңелұлы

«Құқықтық тәртіп» профилактикасы
Дата публикации
18 марта 2024