Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы хабарлама
Мал шаруашылығы бойынша:
Аудан бойынша ауыл шаруашылық саласында 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 557 шаруа қожалығы тіркелген. (2022-500).
2023 жылы аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 571 құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 111,0 % -ға артты.
2022 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 98,1%, қой-ешкі 97,5%, жылқы 86,0% азайса, түйе 100,1% құрады.
МІҚ – 34177 (2022 ж-34852), қой-ешкі – 142142 (2022 ж-145814), жылқы - 13983 (2022 ж-16253), түйе - 1867 (2022 ж-1866).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 24 749,4 млн. (100,2%) теңгені құрады. 2019 ж.- 13 720,4 млн.теңге, 2020 ж.-14 636,3 млн теңге, 2021 ж- 19425,4 млн теңге, 2022 ж – 22 270,5)
Аудан бойынша 13 615,3 тн ет (100,2%) (2022 ж -13584,8), 16 859,1 тн сүт (101,7%) (2022 ж-16 578,3) өндірілді. Ауданда 2 мал сою пункті, 1 мал сою алаңы бар.
Мал тұқымын асылдандыру:
2023 жылы 82 шаруашылық құрылымдарымен (2022 жылы – 57). 1077 бас асыл тұқымды мал алынды. Атап айтсақ: 233 бұқа және 413 аналық МІҚ, 231 қошқар, 200 аналық қой. (2022 жылы – 156 бұқа және 158 аналық МІҚ, 238 қошқар, 447 аналық қой)
Ауданда жалпы МІҚ-ның аналық басы 23 013 болса, асыл тұқымды малдар мен түрлендіруге қатысатын мал басының үлесі (7855 бас) барлық аналықтың 34,2 % құрады.
Субсидиялау бойынша:
2023 жылдың 12 айында аудандағы шаруа қожалықтары мен шаруашылық құрылымдарға 955 043,3 (тоғыз жүз елу бес миллион қырық үш мың үш жүз) мың теңге көлемінде мемлекеттік субсидия берілді, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда қолдау шаралары 114 300,0 мың теңгеге артты. (2022 жылы-835 368,1 мың теңге)
Атап айтқанда:
1) асыл тұқымды малдарды сатып алу және тұқымдық түрлендіру, селекциялық жұмыстарға 106 ауыл шаруашылығы құрылымдарына 242 млн. 103 мың теңге мемлекеттік субсидия төленді. (2022 жылы-195213,0 мың теңге)
- асыл тұқымды 233 бас бұқаға 34 950,0 мың теңге, асыл тұқымды 413 аналық МІҚ 61 950,0 мың теңге;
- 231 қошқарға 3465,0 мың теңге;
- 200 аналық қойға 3000,0 мың теңге;
- селекциялық және асылдандыру жұмыстарына МІҚ 7855 бас тауарлық аналығына 78 550,0 мың теңге;
- асыл тұқымды МІҚ аналық 1132 басқа 16 980,0 мың теңге;
- қой малының 10 504 бас тауарлық аналығына 26 260,0 мың теңге.
- қой малының 4237 бас асыл тұқымды аналығына 16 948,0 мың теңге.
2) 2022 жылдың резерв есебінен және 2023 жылдың мал азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату мақсатында 548 931,9 мың теңге төленді (142 ш/қ). (2022 жылы-475364,0 мың теңге)
3) Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша 164 008,4 мың теңге субсидия төленді. (2022 жылы-125 270,1 мың теңге)
- 14 шаруа қожалыққа 21 құдық қазғаны үшін 86 680,0 мың теңге;
- 24 шаруа қожалығына 78 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алғаны үшін 77 328,4 мың теңге.
Мал азығын дайындау бойынша:
Аудан бойынша 2023-2024 жылдың қысқы маусымына қажетті мал азығы 137591 тонна, оның 32265 тоннасы өткен жылдан қалған, осыған сай биылғы маусымда барлығы 105325 тонна деп мал азығы дайындалуы қажет болып, қазіргі уақытта 108800 тоннасы жиналып, 103.3% орындалды.
Биылғы жылы мал азығы бағасын тұрақтандыру мақсатында мал азығын дайындау үшін ауданның бос жер қорынан округ әкімдіктеріне 62 227 гектар жер учаскелері берілді.
Өз кезегінде ауылдық округтері әкімдері мал азығын дайындаушыларға жер бөліп, 25 мал азығын дайындауларшымен меморандум жасақталды.
Аталған меморандум негізінде шаруалар салмағы 200 кг шөпті–5000 теңгеден, 300 кг шөпті – 7000 теңгеден асырмай аудан тұрғындарына сатты.
Сонымен қатар, мал азығын дайындаушылар тарапынан аудан бойынша барлығы 31 аз қамтылған отбасыға 102,1 тн (352 рулон) шөппен көмек көрсетілді.
Мал азығын дайындау жұмыстарына аудан бойынша 180 адам,128 трактор, 105 тіркеме, 109 шабу агрегаты техникалары қатынасты.
Көктемгі егін салу жұмыстары бойынша:
Қызылқоға ауданы бойынша жаздық дақылдар егістігінің 2023 жылға арналған жоспары әзірленіп, жоспарға сай барлығы 50 га жерге (картоп-15 га, көкөніс-15 га, бақша-20 га) егін егілді.
Егілген жерлерден жеке тұрғындар есебінен 50 гектар жерге бау-бақша егу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде одан 115 тн картоп, 151 тн көкөніс, 121 тн бақша өнімдері (2022 жылы-108 тн картоп, 132 тн көкөніс, 117 тн бақша өнімдері) жиналды.
|
р/с |
Округ атауы |
2023 жылы егілгені, Га |
2023 алынған өнім, тонна |
2024 жылға жоспар, Га |
||
|
картоп |
бақша |
көкөніс |
||||
|
1 |
Миялы |
13 |
37 |
38 |
31 |
13 |
|
2 |
Жангелдин |
25,5 |
16 |
20 |
22,4 |
25,5 |
|
3 |
Ойыл |
8,5 |
17 |
22 |
18,9 |
8,5 |
|
4 |
Көздіғара |
7,5 |
18 |
17 |
21 |
7,5 |
|
5 |
Тасшағыл |
5 |
0 |
0 |
30,9 |
5 |
|
6 |
Қызылқоға |
4,5 |
8 |
10 |
12,5 |
4,5 |
|
7 |
Тайсойған |
2 |
8 |
6 |
0 |
2 |
|
8 |
Сағыз |
4 |
11 |
8 |
14,3 |
4 |
|
|
|
70 |
115 |
121 |
151 |
70 |
Сондай-ақ, биылғы жылы Миялы және Жангелдин ауылдары маңынан егін егуге ниет білдіруші жеке барлығы 20 га жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану негізде беріліп, көктемгі дала жұмыстары кезінде арнайы техникамен көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, Миялы және Қоныстану ауылындағы орналасқан жылыжайлардан 9,67 тн өнім алынды (қияр, қызанақ). 2023 жылы жылыжайларға егу жұмыстары 2 рет жүргізілді.
Егін шаруашылығын дамыту мақсатында есепті мерзімде Ойыл өзені бойынан 50 га (3 учаске) жер учаскесі шаруагерлерге берілді.
Жер саласы бойынша:
Қызылқоға ауданының жер көлемі барлық жеті жер санаты бойынша - 2060913,14 гектар.
Ауыл шаруашылығы жері 680723 га, (385 жер пайдаланушы бар) елді мекендер жері 14518,67 га, өнеркәсіп, көлік және басқа мақсаттағы жерлері 23474,0097 га, орман жері 2463 га, босалқы жер қоры 1 214734,46 га және басқа мемлекетке пайдалануға берілген жер 125 000 га.
Есепті мерзімде gosreestr.kz сайты арқылы 8 рет сауда-саттық (аукцион) өткізіліп, нәтижесінде 40 жерлер сатылды. (40326029 тг). Жер көлемі 9,8 га.
Есепті мерзімде жер сатудан (303101) 11081276 (он бір миллион бес сексен бір мың екі жүз жетпіс алты ) теңге, жалға беруден (303202) 39183338 (отыз тоғыз миллион бір жүз сексен үш мың үш жүз отыз сегіз) теңге, сервитуттан (201910) 3730636 (үш миллион жеті жүз отыз мың алты жүз отыз алты) теңге бюджетке түскен.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2 рет өткізілді. Нәтижесінде, жеке тұлға мен шаруагерлерге 30800 гектар жер учаскесі берілді. Оның ішінде 50 га бау-бақшаға және 30750 га жайылым үшін берілген. (2022 жылы – 40000 гектар, 2 рет)
Ауданы бойынша 2023 жылы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бағытындағы түсіндірме жұмыстары нәтижесінде, 23979 га (25 учаске) жер қайтарылды.
Есепті мерзімде Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаментіне 35100 га (35 учаске) ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей отырған жер пайдаланушыларға заң шеңберінде шара қолдану жөнінде ұсыныс берілді. Алайда, тексеру барысында 13900 га (17 учаске) мал тіркелгендігі анықталып, 20200 га (16 учаске) департаменттің шақыртуына еш себепсіз келмеуіне орай шара қолдану мүмкіндігі болмады. 1000 га (1 учаске) жер учаске иесіне 1 жыл мерзімге нұсқама берілді. (департаменттің 08.11.2023 жылғы №06-01-01-23-02-05/1036, 05.12.2023 жылғы №06-01-01-23-02-05/1134 хаттары)
2023 жылдың қорытындысы бойынша аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысының жер кезегінде 2645 адам. (Миялы-1420, Сағыз-616, Мұқыр-236, Жангелдин–18, Жасқайрат-49, Қоныстану-192, Қаракөл-35, Тасшағыл-71, Тайсойған-8). Қазіргі уақытта әрбір тұрғын egov сайты арқылы жеке электронды сандық қолтаңба арқылы жер кезегіне тұрады және қарай алады. Биылғы жылы Сағыз ауылынан– 225, Жасқайрат ауылынан – 102 тұрғын үй үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылған жер учаскесі берілді. (2022 жылы Миялы ауылынан 276 жер учаскесі берілді)
Есепті мерзімде 10 ауылдық округтің шекарасы аудан әкімдігінің 04.04.2023 жылғы №108 және аудандық мәслихаттың 04.07.2023 жылғы №5-1 бірлескен қаулы мен шешіммен бекітілді. Сондай-ақ, Жер Кодекстің талабына сай, 04.07.2023 жылғы №5-4 мәслихат шешімімен 23 ауылдың аймақтық схемалары бекітілді.
Жалпы аудан бойынша 26 елді мекенінің ішінен 21 елді мекеннің шекарасы бекітілген. Есепті мерзімде жеңілдетілген бас жоспар жасақталған 2 елді мекендердің шекарасын бекіту үшін облыстық жер қатынастары басқармасына ұсыныс жолданды. (Бұхар, Кенбай ст.) Шешімін тапқан жоқ.
Бөлім бойынша 14 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2023 жылы барлығы 716 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 12 қызметке заңға сәйкес бас тартылды.(2022 жылы – 519)