Сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі

Сыбайлас  жемқорлықпен   күрес өзекті мәселелердің бірі

 

            Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күн тәртібіндегі үлкен мәселе болғандықтан, бөлім қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына  қарсы әрекет ету білу, мемлекеттік қызметшінің өз іс –әрекетін бақылауда ұстауы  күн тәртібінен түскен емес.

Кәсіпкерлік құрылымдарына, кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жаңа жобалар мен бағдарламаларды жеткізу  мақсатында,  осы  жылдың 31 қаңтар күні   облыстық қаржы ұйымдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар –кеңеске  кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыздар қатынасты.

            2024 жылдың екі айында  бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке тұлғалардан 2 өтініш, 1 қабылдауға байланысты сұрау және  бөлімге тікелей 1 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.      

            Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған. Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-11-81 бекітілген.

            Жыл басынан бөлім арқылы ашылған “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы  бөлімінің ”facebook  парақшасында  5 және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм  парақшаларында 3  әртүрлі  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау бағдарламалары,  хабарландырулар,  мәліметтер жарияланды.

Сонымен қатар, бөлімге  кәсіп ашу бағытында келген 45 адамға  (несие қаражатын алу, грант алу,  сертификатқа оқу, кәсіпкерлік ашу  және т.б) кеңестер берілді.

            Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында  болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге  бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйенер әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ.

 

 

Аудандық кәсіпкерлікбөлімінің басшысы                                                                         З.Сарбуфеева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелердің бірі
Дата публикации
14 марта 2024