Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметтің негізгі бағыты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметтің негізгі бағыты

   Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамныңдамуынатежеуболатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерініз деп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла бұл дертпен күрескеніміз дұрыс.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру мәселесіне кешенділікпен келуге тиіспіз.

Бұл орайда, «Ашық бюджет» Порталы бірінші кезекте мемлекетте «бюджет» түсінігі туралы азаматтарға ұғынымды жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияның дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Осы мақсатта, Ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бекіткенге дейін жариялау жүргізілуде, осылай,  адамдарға бюджет қаражаты шығыстары процесіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, тексерулер нәтижесінде туындайтын қандай бұзушылықтар болатын білуге мүмкіндік беретін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат жариялануда. Бюджеттік есептілікті жариялау, азаматтарға, жетекші ғылыми-зерттеу және басқа да ғылыми жұмыстарға көмектеседі.

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер «Ашық бюджет» порталына 2023 жылғы бекітілген, нақтыланған бюджеттерін  және іске асыру туралы есептерін, сонымен қатар 2024 жылғы бекітілген бюджетін толықтай орналастырды.

Біздің басты мақсатымыз – Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою.

 

Аудандық экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                             Қ.Сәлімгереева

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қызметтің негізгі бағыты
Дата публикации
06 марта 2024