Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңына сәйкес, Мұқыр ауылдық округі бойынша ауыл тұрғыны Булекбаева Канзибаның қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізілді
Булекбаева Канзиба Өмірбаяны
Мен, Булекбаева Канзиба 1955 жылдың 16 наурызы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданының Жантерек теміржол бекетінде дүниеге келдім.
1962-1966 жылдар аралығында Жантерек бастауыш мектебінде, 1966- 1970 жылдар аралығында Доссор поселкесінде С.Шарипов атындағы 8 жылдық мектеп – интернатта, 1970-1972 жылдары Мұқыр орта мектебінде оқып білім алдым.
1972-1981 жылдары Алматы шетел тілдері институтын ағылшын және француз тілдері мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім. Еңбек жолымды Мұқыр орта мектебінде бастап, 32 жыл дәріс бердім.
2006-2013 жылдар аралығында Мұқыр орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болдым.
1991 жылдан бастап қызметім барысында аудан, облыс, республикалық білім департаменттерінен жүлделі орындар, алғыс хаттар және сертификаттарға ие болдым.
2007 жылы АҚШ – тың Небраска штатының Линкольн қаласының «Құрметті Азаматы» атағын алдым.
2007 жылы «IREX» халықаралық зерттеу және тәжірибе алмасу бюросының « Жетістіктері үшін сертификатына» ие болдым.
2007 жылы Қызылқоға ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2008 жылы ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2009 жылы Облыс мәслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.
2020 жылы Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болдым.
Отбасымда жолдасым, қызым бар, 3 немеремді тәрбиелеп отырмын.
Өмірбаян иесі К.Булекбаева