Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз

                            Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз

      Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстанда ту, елтаңба және гимн – мемлекеттік рәміздер болып саналады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері заңмен қорғалған, сондықтан оны ешкімнің қорлауына жол берілмейді.

Тәуелсіздігін енді жариялаған Қазақстан үшін мемлекеттік рәміздерді қабылдау жеңіл болған жоқ. Тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелер аса жауапты істі жан-жақты ізденіспен жасаған. Алдымен 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңестің төралқасы мемлекеттік символиканы дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы қаулы қабылдады. Осы құжатқа сәйкес, арнайы шығармашылық комиссия құрылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер мен қоғам қайраткерлері кірді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын, дербестігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі. Бұл рәміздер ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етіп тұр.

 

(Бас маман Кенжегалиев Артур Аманкосович)

 

 

 

 

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз
Дата публикации
21 февраля 2024