Койшыбаев Сарсенбай Қойшыбайұлының Өмірбаяны
Койшыбаев Сарсенбай 1953 жылы 15 ақпанда Тайсойған ауылында дүниеге келген. Гурьев ауылшаруашылығы техникумының механизация бөлімін бітіріп, еңбек жолы:Энгельс атындағы кеңшарда үйлестіруші болып бастаған, №1, №2 трактор шөп бригадаларында механик, кеңшар автогаражында автомеханик, гараж меңгерушісі, машина-трактор шеберханасында меңгеруші, машина -трактор шеберханасында меңгеруші, «Ынтымақ» шаруақожалығының төрағасы болып еңбек етіп, 2004 жылдан Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс жасады. 2016 жылы зейнеткерлікке шықты.
Еңбек еткен жылдары облыстың, ауданның кеңшардың мақтау грамоталарымен, дипломдарымен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Қызылқоға ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы.