Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

         Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.

         Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

         Жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  «е-собес», «шетелдік жұмыс күші», «е-өтініш» базаларымен және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданып, уақытылы орындалып отырады.

Қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет.

 

 

Аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

бас маманы:                                                                                        С.Жұбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-қоғам талабы
Дата публикации
08 февраля 2024