Атырау облысының кадрлық комиссиясы Атырау облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) индустрия жәнеөнеркәсі
2) экономика жәнеқаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптікке шеен және жерқатынастары;
6) цифрландыру.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қосаалғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидаты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Атырау облысы, Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 419, 3-шіқабат, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасы. Электрондық мекенжай: atyrau@onir.pkrezerv.gov.kz
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында (instagram - @atyrau.onir_rezerv.kz, @elgeqyzmet.atyrau, Facebook - «МемлекеттікҚызметІстері Атырау») және келесі телефондар арқылы: 8/7122/ 52-28-05, 52-26-48.алуға болады.