Шешім: Қызылқоға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

              Қызылқоға  ауданында  тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау  туралы

      Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылқоға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    шешіміне 1-қосымша

              Қызылқоға  ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

     

    1. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
    2. Тұрғын үй көмегі Қызылқоға ауданының жергілікті бюджеті қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қызылқоға ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

    кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

    коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

    мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

    Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5(бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

    1. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін жергілікті өкілді орган «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес айқындалған тәртіппен есептейді.
    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
    3. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
    4. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

    Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпарттық жүйе арқылы қыбалдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетуден негізгі Қағиданың 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады. 

    Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

    1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.
    2. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
    3. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
    4. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомалары алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

      шешіміне 2-қосымша

      Қызылқоға аудандық  мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

       

      1. Қызылқоға ауданы мәслихатының «Қызылқоға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3385 болып тіркелген) шешімі;
      2. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № ХХХVІІ-4 «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3463 болып тіркелген) шешімі;
      3. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 сәуірдегі № ІІ-15 «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3511 болып тіркелген) шешімі;
      4. Қызылқоға ауданы мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы №XXXVII-4 «Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4443 болып тіркелген) шешімі;
      5. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы №XLIX-2 «Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4604 болып тіркелген) шешімі;

               6.Қызылқоға  ауданы мәслихатының  2022 жылғы 4 наурыздағы  №13-1

      «Қызылқоға ауданында тұратын  аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27287  болып тіркелген) шешімі.   

       

       

       

                                                                                                      

       

     

Шешім: Қызылқоға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
07 февраля 2024