Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау

Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау.

     Мемлекеттік отбасылық саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады және отбасының өмір сүру жағдайын жақсарту мен сапасын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттары, бағалаулары және шаралары жүйесін білдіреді.

Аудан бойынша барлығы    30874 халық болса оның ішінде 15036-сы әйел адамдар. 3006 әйел жұмыс жасайды. «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері-1062 адам.

Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық зияткерлік, рухани, адаргершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ананы, әкені және баланы қорғау мемлекеттік отбасылық саясаттың мақсаттары болып табылады.

Отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша бірінші кезекте балалы отбасылар үшін әлеуметтік жәрдемақылармен төлемдерді қамтиды. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесіне бала күтіміне, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілерге, көп балалы аналар мен отбасыларға арналған жәрдемақылар жатады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2023 жылы аудан бойынша 152 отбасындағы 864 алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалып, төленді.

Аудан бойынша  әлеуметтік көмек алушы мүгедектігі бар - 1226 адам болса, оның ішінде 618-і әйел адамға 30 тамыз «Констутуция күніне» орай  және  25 қазан «Республика күніне»  біржолғы әлеуметтік көмек және қатерлі ісік ауруымен ауыратын -58 әйел адамға  әлеуметтік көмек төлендісонымен қатар,  қаржылай көмек сұраған - 4 анаға  және өрт салдарынан жапа шеккен-3 анаға, баласын емдету үшін -2 анаға қаржылай көмек берілді.

Бөлімнің демеушілігімен 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында аудан бойынша жалғыз басты өзгенің көмегін қажет ететін, үйден күтім алатын  -5 анаға  азық-түлік пакеттерітабысталды.

Аудан бойынша мүгедектігі бар жандар-1108, оның ішінде 575-і әйел адам. Бөлім арқылы көмекші техникалық құралдармен және емдеу -сауықтыру мақсатында санаториялық-курорттық емделумен-157 және  33 әйел адам облыстық сауықтыру орталығынан қызмет алды.

Өткен жылы Мансап орталығынан  қоғамдық жұмысқа -298, жастар тәжірибесіне  -67, әлеуметтік жұмысқа  -27, тұрақты жұмысқа  – 281 әйел  орналасып,  14-і грант алған, бастау бизнеспен-144 әйел адам айналысып, 6 әйел адам оқудан өткен. 

Әйел адамға жағдай жасау арқылы берік отбасының қалыптасуына жағдай жасау және гендерлік теңдікке қол жеткізу қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың ажырамас процесі болып табылатыны айқын.

 

Аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

бас маманы: С.Жұбаева

 

 

 

Отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау
Дата публикации
05 февраля 2024