Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

      Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

     Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5089-06  болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

мынадай мазмұндағы 5-1тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Мереке күніне әлеуметтік көмек бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

15 ақпан 2024 жылы - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толу мерекесіне:

1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;    

         2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

         3) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 ақпанынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

 

ЛАУАЗЫМЫ

 

                    Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
02 февраля 2024