Қаулы: Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

 

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындауға келісім беру туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №13-3 шешіміне сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу мақсатында  Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

  1. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №106 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3550 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Иғалиға жүктелсін.

4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

қаулысына қосымша

       Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының ТІЗБЕСІ

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

аудандық маңызы бар мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры;

әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, әлеуметтік қызметкер, массажист, мейірбике, әдіскер, дефектолог, тәрбиеші, логопед, емдік денешынықтыру нұсқаушысы, психолог.

  1. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директоры;

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік коммуналдық мекеменің директорының орынбасары;

кітапханашы, библиограф, сектор (бөлім) меңгерушісі, барлық атаудағы редактор, көркемдік жетекші, үйірме жетекші, музыка жетекші, барлық атаудағы режиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, суретші, кітапханалық процесстерді автоматтандыру жөніндегі  инженер-технигі, барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, балетмейстр, хореограф, аккомпаниатор-концертмейстер (негізгі қызметтер).

 

Қаулы: Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
02 февраля 2024