«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №407-IV Заңына сай 2024 жылдың 29 қаңтар күнгі Көздіғара ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшелерімен сайланған қоғамдық медиатордың ӨМІРБАЯНЫ.
Нұрсұлтан Қанатқали 1958 жылы 2 ақпанда Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылда дүниеге келген. Осы ауылдағы Жаңашаруа орта мектебін 1975 жылы бітірген. Жұмысты «Жасқайрат» комсомол жастар бригадасында аға шопан болып бастады.
1976-1978 жылдары Совет Армиясы қатырында болды.
1980-83 жылдар арасында Гурьев ауыл шаруашылық техникумының «механик-техник» мамандығы бойынша бітіріп, Жаңашаруа орта мектебіне технология пәнінің мұғалімі болып қызмет жасаған.
1990-1995 жылдары аралығында Атырау университетінің тарих-құқық мамандығын сырттай бітіріп, 1995 жылдан бастап, осы мектепте тарих-құқық пәнінің мұғалімі болып қызмет жасап, 2022 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты. Отбасында, 3 баласы бар. 13.11.2014 жылдан бастап кәсіби емес медиатор болған. Медиатордың медияцияны жүзеге асыра алатын тілі қазақ тілі.