Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-IV «Медиация туралы» Заңына сәйкес, Миялы ауылдық округі бойынша ауыл тұрғыны Хасанов Құмар қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізілді
Хасанов Құмар Өмірбаяны
1950 жылы 12 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында дүниеге келген.1967 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітіріп, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына жаратылыстану-география факультетіне оқуға түсіп, 1973 жылы биология-химия пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді. Алғаш еңбек жолын Н.К.Крупская мектебінде мұғалім, ұйымдастырушы болып бастады. 1974 жылы аудандық партия комитетінің тапсырмасымен комсомол комитетінің тапсырмасымен комсомол жұмысына жіберіліп, аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, аупартком бөлімі басшысы, Х.Досмұхамедұлы қой зауыты партия комитетінің хатшысы, кейін директордың орынбасары болып еңбек етті. Аудандық мәслихатта бас маман, ауданда тұңғыш құрылған медициналық сақтандыру қорының директоры, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болды. Б.Аманшин орта мектебінде директордың орынбасары, әдістемелік кабинет меңгерушісі, аудандық білім бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Х.Досмұхамедұлы, Б.Аманшин атындағы орта мектептерінің директоры болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Аудан өмірінен қол үзбей төмендегідей қоғамдық жұмыстар атқарған: Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық билер кеңесі жұмысшы тобының басшысы, аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы. Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы. Қазір аудандық білім бөлімінде инспектор, Қазақстан Республикасының ХІХ съезінің делегаты болды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен», Қазаұстан Республикасының Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, аудандық білім бөлімінің «Мақтау қағаздарымен» марапатталған. Облыстық «Атырау» газетінің арнайы дипломының және сыйлығының иегері.
Отбасылы, үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірген. 11 немере-шөберелері бар.