№4 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

     №4 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Конкурстың №

     Конкурстың атауы Қызылқоға ауданындағы 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруы бойынша мемлекеттік сатып алу  қызметі

Лоттың №

Лоттың атауы  Қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру.

Мақсаты:  Аудан тұрғындары арасында экологиялық тұрғыдан үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, жастардың экологиялық сауатын арттыру және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту;

Конкурсқа әлеуетті өнім беруші ұйымның жоба бойынша қызметінің тұжырымдамасын ұсынады. Жоба бойынша тұжырымдама конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметтерінің сапалы мінездемесі ретінде болады.

Қызметтер тұжырымдамасының құрылымына мыналар енеді:

  1. Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігінің негіздемесі:
  2. Әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының Тапсырыс беруші сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігінің негіздемесі (құрылтай құжаттарына сәйкес):

          3.Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігінің негіздемесі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі):

          4.Әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтері:

          5.Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтері (әлеуетті өнім беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмесін ұсынады):

          6.Жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы туралы мәліметтері:

Кезеңдік жоспардың ҮЛГІСІ

№

Іс-шара (атауы мен өткізу түрі көрсетілуі қажет)

Өткізу мерзімдері мен өтетін жерлері

Мақсатты топ және өкілдердің күтілетін саны

күтілетін тікелей (сандық) және соңғы (сапалық) нәтижелер

1

2

3

4

5

 Жобада төмендегідей ұйымдастыру жұмыстары қамтылуы керек:

  • Іс-шараларды Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында өткізу.
  • Өтетін шаралардың ақпараттық-хабарлау материалдарын (мақалалар, баннерлер) дайындау және оларды интернет-ресурстарға, қоғамдық орындарға мерзімді басылымдарға орналастыру, сондай-ақ, экологиялық сананы және қоғамның мәдениеті қалыптастыруға бағытталған 3 минуттық бейнематериал дайындау;
  • Барлық жасалатын жұмыстардың үлгілері, жобалары тапсырыс берушімен алдын ала келісілу керек;

           

       №

Атқарылатын жұмыстар

Көлемі, саны

Өтетін орны

уақыты

Қажетті қаражат

 

1

Орталық көшелерге қоршаған ортаны қорғауға бағытталған баннерлер дайындау, орнату

 

Ақпараттық парақшалар дайындау, қоғамдық орындарға ілу, тұрғындарға тарату

 

10 дана, көлемі 2/3 м.кв

А-4 ,200 дана

Миялы ауылы Сәуір

Қажеттелігіне қарай

 

2

Қоршаған ортаны қорғау, ластамауды насихаттауға арналған бейнеролик дайындау

(Қызылқоға аумағы, тұрғындары сюжетте қамтылуы керек)

3 минут

Сәуір

Қажеттелігіне қарай

 

3

Көктемгі тазалық айлығына белсене қатынасқандарды марапаттау:

Тапсырыс берушімен келісіп диплом эскиздерін дайындау

 

Фото рамкілер алу

Гүл шоқтарын алу

Сертификаттар дайындау(3 орынға)

Тазалық айлығындағы белсенді азаматтарға алғыс хат дайындау

 

 

А-3, 10 дана

 

 

А-3, 10 дана

20 дана

А-3, 3 дана

А-4, 10 дана

Миялы ауылы Мамыр

Қажеттелігіне қарай

 

4

1-орынға

   

150,0 (жүз елу мың) теңге

 

5

2-орынға

   

100,0 (жүз мың) теңге

 

6

3-орынға

   

50,0 (елу мың) теңге

 

7

«Үлгілі үй», «үлгілі мекеме», «үлгілі сауда орталығы», «үлгілі көше» атаулары жазылған маңдайшалар дайындау

40 дана

ПВХ материал

 

 

 

8

«Үлгілі үй», «үлгілі мекеме», «үлгілі сауда орталығы» жеңімпаздарын марапаттау

10 округ бойынша,

30 дана

 

Әр номинацияға 20,0 (жиырма мың) теңгеден

Барлығы: 600,0 мың теңге

 

Барлық қажетті қаржы: 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге

 Ұйымдастырушыға қойылатын талаптар:

  1. Шараның өткізу бағдарламасын Тапсырыс берушімен келісілген түрде дайындау;
  2. Шарадағы ақпараттандыру материалдар, дипломдарда тапсырыс беруші туралы ақпарат қамтылуы қажет;
  3. Марапаттау рәсімінің жүру барысын дайындап, тапсырыс берушімен келісу, жүргізуші дайындау, музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
  4. Марапаттау шарасын фото, видеоға түсіру;
  5. Шараның өткізілгендігі жөнінде барлық ақпарат құралдарына (БАҚ, әлеуметтік желі) жариялануын ұйымдастыру;
  6. Қызмет көрсету орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы;
  7. Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жыл, мамыр

Есепке қойылатын талап

-Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс берушінің кестесіне сай ұсынылады.

                  Өнім беруші міндетті:

           - Тапсырыс берушіге келісім шартқа сәйкес жобаның әр шарасын өткізген соң 3 күн ішінде қажетті қосымшалармен бірге есеп тапсыруы керек;

          - Жұмыстың әр кезеңі аяқталған соң есепті Тапсырыс берушімен келісу;

          -Қызмет көрсету қорытындысы Тапсырыс берушіге конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде берілу керек.

          Аралық қаржылық есеп.

Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім - шарттар, есеп шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмірленген болуы қажет. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен  сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.

                  Қорытынды шығармашылық есеп. 

Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет.

Ұйым атауы:

Жоба атауы:

Келісім-шарт номері:

Келісім-шарт сомасы:

Жобаны жүзеге асыру уақыты:

Есепті құрастырушының А.Ә.Т, мөрі:

 Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, мазмұны, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары) жаттықтырушы/кеңесші/лектор/ модераторлардың резюмелері, байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/бейне материалдардың көшірмесі (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда), таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 2 данада термотүптемеде және PDF электронды форматты дискілерде ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде тапсырылуы керек.

          Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша).

Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын,  Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда бір данада тапсырылады.

 

Қызылқоға ауданы ішкі саясат

бөлімінің басшысы                                                                                                   А.Ақтаев

№4 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дата публикации
24 января 2024