№3 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің
ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Конкурстың №
Конкурстың атауы Қызылқоға ауданындағы 2023 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруы бойынша мемлекеттік сатып алу қызметі
Лоттың №
Лоттың атауы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Мақсаты: Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарын жүргізу, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жастардың назарын аудару және өскелең ұрпаққа адами құндылықтарды насихаттау;
Конкурсқа әлеуетті өнім беруші ұйымның жоба бойынша қызметінің тұжырымдамасын ұсынады. Жоба бойынша тұжырымдама конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметтерінің сапалы мінездемесі ретінде болады.
Қызметтер тұжырымдамасының құрылымына мыналар енеді:
3.Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігінің негіздемесі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі):
4.Әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтері:
5.Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтері (әлеуетті өнім беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмесін ұсынады):
6.Жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы туралы мәліметтері:
Кезеңдік жоспардың ҮЛГІСІ
|
№ |
Іс-шара (атауы мен өткізу түрі көрсетілуі қажет) |
Өткізу мерзімдері мен өтетін жерлері |
Мақсатты топ және өкілдердің күтілетін саны |
күтілетін тікелей (сандық) және соңғы (сапалық) нәтижелер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жобада келесі шаралар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
|
№ |
Атқарылатын жұмыстар |
Көлемі, саны |
Өткізу орны, уақыты |
Қажетті қаржы |
|
|
1 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мәдениет пен өнерді дамыту бағытында ауылдық округтердегі мәдениет үйлері арасында театрлық қойылымдар өткізу. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықпен марапаттау. 1-ші орын: 100 мың 2-ші орын: 70 мың 3-ші орын: 50 мың. Барлық қатысушыларға: Алғыс хаттар дайындау Фото рамкілер алу Дипломдар дайындау Гүл шоқтарын алу Марапаттау рәсімін музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Өтетін орынды жалдау |
30 минуттық қойылым
А-4, 7 дана А-4,10 дана, А-4, 3 дана 10 дана |
Миялы ауылы, «Арман» мәдениет үйі, маусым |
300,0 тг |
|
|
2 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты қалыптастыру, өскелең ұрпаққа адами құндылықтарды насихаттау үшін мектеп оқушылары арасында суреттер байқауын өткізу Баннер дайындау Алғыс хаттар дайындау Сыйлық алу |
2х3 көлемінде А-4, 30 дана 1 данасы - 7 мың, 30 дана |
Миялы ауылы Шілде айы |
250,0 тг |
|
|
3 |
Жастар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» атты пікірталас алаңымен дебат өткізу
Дипломдар дайындау, фото рамка Марапаттау рәсімін музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Баннер дайындау Шара өтетін орынды жалдау |
1-орынға: 20 мың 2-орынға: 15 мың 3-орынға: 10 мың А-3, 10 дана
2х3 көлемінде |
Миялы ауылы, «Арман» мәдениет үйі Тамыз |
100,0 тг |
|
|
4 |
9 желтоқсан- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай мекеме қызметкерлері арасында волейболдан жарыс ұйымдастыру Баннер дайындап, орналастыру Дипломдар дайындау медаль алу
кубоктер алу(жазуымен) Үздік ойыншыларды марапаттау, сыйлық алу Төрешілер ақысын төлеу Марапаттау рәсімін музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету «9 желтоқсан - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» жазуын медальдың бауына жазу |
1-орынға 100 мың 2-орынға 80 мың 3-орынға 50 мың 5х3 көлемінде А-4, 10 дана 30 дана (1, 2, 3 орын) 3 дана 4 дана
2 адам
30 дана |
Қызылқоға ауданы, Миялы спорт кешені Қараша |
350,0 тг |
|
|
Барлық қажетті қаржы: 1 000 000 (бір миллион) теңге |
|||||
Ұйымдастырушыға қойылатын талаптар:
1.Шараның өткізу бағдарламасын, сценарийін, жүру барысын Тапсырыс берушімен келісілген түрде дайындау;
3.Қажетті техникалық жабдықтармен (музыкалық аппаратура, видеокамера, дыбыс күшейткіш, микрофон) қамтамасыз ету;
4.Шараның өткізілгендігі жөнінде барлық ақпарат құралдарына (БАҚ, әлеуметтік желі) жариялануын ұйымдастыру;
5.Қызмет көрсету орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы
6.Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жыл, жоспарға сай.
Есепке қойылатын талап
-Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс берушінің кестесіне сай ұсынылады.
Өнім беруші міндетті:
- Тапсырыс берушіге келісім шартқа сәйкес жобаның әр шарасын өткізген соң 3 күн ішінде қажетті қосымшалармен бірге есеп тапсыруы керек;
- Жұмыстың әр кезеңі аяқталған соң есепті Тапсырыс берушімен келісу;
-Қызмет көрсету қорытындысы Тапсырыс берушіге конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде берілу керек.
Аралық қаржылық есеп.
Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім - шарттар, есеп шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмірленген болуы қажет. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.
Қорытынды шығармашылық есеп.
Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет.
Ұйым атауы:
Жоба атауы:
Келісім-шарт номері:
Келісім-шарт сомасы:
Жобаны жүзеге асыру уақыты:
Есепті құрастырушының А.Ә.Т, мөрі:
Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, мазмұны, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары) жаттықтырушы/кеңесші/лектор/ модераторлардың резюмелері, байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/бейне материалдардың көшірмесі (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда), таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 2 данада термотүптемеде және PDF электронды форматты дискілерде ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде тапсырылуы керек.
Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша).
Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын, Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда бір данада тапсырылады.
Қызылқоға ауданы ішкі саясат
бөлімінің басшысы А.Ақтаев