№2 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

      №2 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 Конкурстың №

Конкурстың атауы Қызылқоға ауданындағы 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруы бойынша мемлекеттік сатып алу  қызметі

Лоттың №

Лоттың атауы  «Іскер ана» жобасын ұйымдастыру.

Конкурсқа әлеуетті өнім беруші ұйымның жоба бойынша қызметінің тұжырымдамасын ұсынады. Жоба бойынша тұжырымдама конкурсқа қатысу жөніндегі өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылады және қызметтерінің сапалы мінездемесі ретінде болады.

Қызметтер тұжырымдамасының құрылымына мыналар енеді:

  1. Әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігінің негіздемесі:
  2. Әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының Тапсырыс беруші сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігінің негіздемесі (құрылтай құжаттарына сәйкес):
  3. Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігінің негіздемесі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі):
  4. Әлеуетті өнім берушінің «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» болуы туралы мәліметтері:
  5. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтері (әлеуетті өнім беруші мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмесін ұсынады):
  6. Жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы туралы мәліметтері:

Кезеңдік жоспардың ҮЛГІСІ

№

Іс-шара (атауы мен өткізу түрі көрсетілуі қажет)

Өткізу мерзімдері мен өтетін жерлері

Мақсатты топ және өкілдердің күтілетін саны

күтілетін тікелей (сандық) және соңғы (сапалық) нәтижелер

1

2

3

4

5

 

Жобада келесі шаралар міндетті түрде көрсетілуі тиіс:

            - «Іскер ана» жобасы барысында тігін ісі, емдік массаж, мобилограф, әйел азаматтарды әрлеуге арналған тырнақ, шаш және бет, кірпік күтімі бойынша облыстық деңгейде мамандар шақырылуы қажет;

            -Шақырылған мамандар арқылы қыркүйек айында аудан орталығында жоба ұйымдастырылуы қажет;

            -Алдын ала оқытылатын орындарды дайындау қажет.

        №

Атқарылатын жұмыстар

Көлемі, дана, ш.м.

Қажетті қаржы

1

Тақырыпқа сай мамандар еңбекақысын төлеу

7 спикер

-

2

Барлық қатынасушыларға сертификат дайындау

10 округ бойынша

60 адам

А3, формат, ПВХ материал

-

3

Барлық қатысушыларға гүл шоқтарын дайындау

60 дана

-

4

Шараны фото және видеоға түсіру

-

-

5

Шеберлік сағатын өткізу үшін талапқа сай жарақтандырылған орындарды жалға алу

-

-

6

Жоба қатынасушыларының жол шығынын төлеу

9 округ бойынша 2 күндік жол шығыны (бару, келу)

-

7

Жоба қатынасушыларын түскі аспен қамтамасыз ету

9 округ бойынша (2 күн) түскі аспен қамту

-

8

2023 жылы шеберлік сағатынан өтіп, кәсібін жалғастырып отырған 2 қатысушыға сыйлық табыс ету

2 дана

 

200,0 мың теңге

 

9

Қатынасушыларды шеберлік сағаты өтетін орынға тасымалдау

60 қатысушы, 2 күн

-

Барлық қажетті қаржы: 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңге

 Ұйымдастырушыға қойылатын талаптар:

  1. Шараның өткізу бағдарламасын Тапсырыс берушімен келісілген түрде дайындау;
  2. Шеберлік сағатын өткізетін маманның жеке кәсіпкер болуы шарт.
  3. Қажетті техникалық жабдықтармен (музыкалық аппаратура, видеокамера, дыбыс күшейткіш, микрофон) қамтамасыз ету;
  4. Шараның өткізілгендігі жөнінде барлық ақпарат құралдарына (БАҚ, әлеуметтік желі) жариялануын ұйымдастыру;
  5. Шараны ашылуы және жабылу салтанатын ұйымдастыру;
  6. Қызмет көрсету орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы;
  7. Қызмет көрсету мерзімі: 2024 жыл, қыркүйек айы.

            Есепке қойылатын талап

-Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс берушінің кестесіне сай ұсынылады.

Өнім беруші міндетті:

           - Тапсырыс берушіге келісім шартқа сәйкес жобаның әр шарасын өткізген соң       3 күн ішінде қажетті қосымшалармен бірге есеп тапсыруы керек;

          - Жұмыстың әр кезеңі аяқталған соң есепті Тапсырыс берушімен келісу;

          -Қызмет көрсету қорытындысы Тапсырыс берушіге конкурс қорытындысы бойынша өнім берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген мерзімде берілу керек.

Аралық қаржылық есеп.

Қызмет көрсетудің аралық актысына қол қоймас бұрын, жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім - шарттар, есеп шоттары, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырыстары, тауарлық жөнелтпе құжаттар және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмірленген болуы қажет. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен  сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет.

Қорытынды шығармашылық есеп. 

Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын, Жетекші міндетті түрде қорытынды шығармашылық есебін дайындап, онда барлық өткізілген іс-шараларды толықтай жазып, әдістері мен технологиялары, туындаған мәселелері және оларды шешу жолдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар болуы қажет. Шығармашылық есепте әрбір шараны жекелей жазу қажет.

Ұйым атауы:

Жоба атауы:

Келісім-шарт номері:

Келісім-шарт сомасы:

Жобаны жүзеге асыру уақыты:

Есепті құрастырушының А.Ә.Т, мөрі:

 Әрбір өткізілген іс-шараның есебіне әлеуетті өнім беруші мыналарды қосуы керек: тұжырымдама, мазмұны, іс-шараны өткізудің бағдарламасы, күн тәртібі, қатысушылардың тізімі (Тегі, аты-жөні, жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары) жаттықтырушы/кеңесші/лектор/ модераторлардың резюмелері, байланыс ақпараттарымен бірге, (семинар-тренингтер, консультациялар, лекциялар, дөңгелек үстелдер үшін) баспасөз парағы, баяндамадан немесе құттықтаудан үзінді, іс-шара хаттамасы, фотосуреттер (жалпы фон және банер бейнеленген 10х15 см форматтағы 6 дана) электронды және баспа БАҚ-та жарияланған мақалалар көшірмесі, аудио/бейне материалдардың көшірмесі (егерде, эскиздар мен фотосуреттер мүмкін болмаған жағдайда), таратылған материалдар, полиграфиялық, имидждік және сувенирлік өнімдердің үлгілері және басқа да қажетті дәлелдейтін материалдар болуы тиіс. Есепте мына қосымшалар болуы қажет: фото, бейне, аудио және электрондық материалдардың мұрағаты. Қорытынды есеп Тапсырыс берушіге 2 данада термотүптемеде және PDF электронды форматты дискілерде ұсынылуы қажет және де қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейінгі 5 күн ішінде тапсырылуы керек.

          Қорытынды қаржылық есеп (жобаның жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша).

Қызмет көрсетудің аралық актісіне қол қоймас бұрын,  Жетекші аралық қаржылық есепті дайындап ұсынуы қажет. Қаржылай есепке нақты, оқылатын бастауыш құжаттардың көшірмелері енгізіледі (келісім-шарттар, есеп-шоттар, орындалған жұмыстардың актілері, фискалды чектар, төлем тапсырысы, тауардың жөнелтпе құжаттары және т.б.) шығындарды растайтын құжаттар енеді. Бұл құжаттар, жоба бойынша қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындарға сәйкес нөмерленген болуы керек. Қаржылай операциялардың тізілімінде көрсетілген шығындар атауы мен сомасы, төлем құжаттарында көрсетілген шығындар атауы мен сомаларына сәйкес болуы тиіс. Барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық заңнамаларына сәйкес рәсімделуі қажет. Қорытынды қаржылық есеп Тапсырыс берушіге қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанда бір данада тапсырылады.

 

 

Қызылқоға ауданы ішкі саясат

бөлімінің басшысы                                                                                       А.Ақтаев

 

 

 

№2 лот бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды орындау бойынша сатып алынатын қызметтердің ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дата публикации
24 января 2024