Қызылқоға ауданы «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Еспай» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес«Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос тұрған «Еспай» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директорылауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс өткізу күнін«Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: индекс 060503,Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы Ә.Игілікұлы көшесі, 7 үй «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің мекен-жайы:Атырау облысы,Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы, Ә.Игілікұлыкөшесі №7.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары. Мәдениет, өнер және білім беру саласы бойынша. Кәсіпорынның бейіміне сәйкес өнер, мәдениет саласының басшысы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Кәсіби құзырлығы: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Азаматтық Кодексі» (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Мәдениет туралы» , «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы.
Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:
Ұсынылған құжаттардың көшірмесін отариалды куәландырылған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқақатысутуралыөтініштерді беру мерзімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы, Ә.Игілікұлы көшесі, 7 үй «Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.Тел.871238/31345, 871238/31344.