Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс

    Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығына сәйкес «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос тұрған «Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды.

    Конкурс өткізу күнін «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгілейді.

    Конкурс өткізілетін орын: индекс 060504, Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылы М.Айшуақов көшесі, 41 үй  «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

    Мекеменің мекен-жайы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №31.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

    Білімі жоғары.  Мәдениет, өнер және білім беру саласы бойынша. Кәсіпорынның бейіміне сәйкес өнер, мәдениет саласының басшысы лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

    Кәсіби құзырлығы: Қазақстан Республикасының Конституциясын,                      ҚР «Азаматтық Кодексі» (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР «Еңбек Кодексі», ҚР «Бюджет Кодексі», ҚР «Мәдениет туралы» , «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, мәдениет пен өнердің даму бағыттары мен келешектерін анықтайтын, ұйымның шығармашылық-өндірістік, қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың актілерін,                             қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбек қорғау нормалары мен ережесін, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы.

    Кәсіби білім мен дағдысы: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәжірибесі.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынандай құжаттарды ұсынуы тиіс:

 

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  6. Денсаулығы жөніндегі анықтама /086/У нысанында;
  7. Жеке куәлігінің немесе паспорттың көшірмесі;
  8. Уәкілетті органнан белгіленген тәртіппен соттылығы туралы анықтама.

    Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.

    Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

  1. 18 жасқа толмаған;
  2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар.

    Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

    Құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс: Қызылқоға ауданы,  Қаракөл ауылы, М.Айшуақов көшесі, 41 үй  «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.Тел.871238/41419, 871238/41425.

 

Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесі «Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс
Дата публикации
18 января 2024