ЖОБА Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

ЖОБА

Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы           

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы   мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 «Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна  мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба

 

№

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

 

Жобаны әзірлеушінің мәліметтері

 

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

 

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзгеде тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқада негіздемелері

ҚазақстанРеспубликасыМәдениетжәнеспортминистрінің 2023 жылғы             14 шiлдедегi«Шетелдіктерүшінтуристікжарнанытөлеуқағидаларынбекітутуралы» №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

 

 

3

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жобаны іске асыруға қаржы шығындарын талап етпейді.

 

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Жобаны қабылдау  теріс әлеуметтік экономикалық құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соғады.

5

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Мәліметтер жоқ

 

 

 

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Басқа актілерге сәйкес келтіру талап етілмейді.

8

Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы11қаңтарlegalacts.egov.kz сайтында орналастырылды 31 265 байт.

9

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Аталған жобаның әлеуметтік  маңызы жоқ

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОБА Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
12 января 2024