«Сыбайлас жемқорлықтың – алдын алу»

 

 

 

«Сыбайлас жемқорлықтың – алдын алу»

 

Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап, мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдал арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді. Халық арасында жұлын құрт, індет аталып кеткен осы дертті жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтаудың, тежеудің сәті кейде түсіп, кейде шарасыздықтың белең алатыны да рас.

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды. Жемқорлықпен күрес, арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс, біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» . Сондықтан да, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресейік дегім келеді.

 

Жақсиев Азамат Қонысұлы

Мұқыр ауылдық округінің әкімі

 

 

 

 

 

 

 

 

           

«Сыбайлас жемқорлықтың – алдын алу»
Дата публикации
05 декабря 2023