«Жемқорлықсыз қоғам – мемлекеттің дамуының басты кепілі»
Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою, заңды түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын көтеру аса маңызды.
Халық өздерінің құқықтарын, заңға қайшы іс-әрекет кезінде қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын білулері қажет.
Сыбайлас жемқорлықты өркениетті қоғамды алаңдататын әлеуметтік қасірет деуге болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Қызмет өкілеттілігін асыра пайдалану, пара беру, пара алу, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Констутциялық тәртіпті қорғау, жүзеге асыру сыбайлас жемқорлықпен күресу аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен халықтың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен күресу, бүгінгі күні әр азаматтың басты мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев өз жолдауларында әкімшілік реформа және мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық қана емес халықтың мемлекетке деген сенімін азайтады. Сонымен қатар жемқорлық қоғамда дамыған сайын әлеуметтік, экономика, инфра құрылымның кең көлемде дамуына кедергі болып табылады. Өскелең ұрпақтың санасы мен мәдениеті адамгершілікке жат қылықтардан аулақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу үшін түрлі іс шаралар тәрбие сағаттары өткізіліп, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін ауыр дерттерін ұғындыру қажет. Жас ұрпақтың отан сүйгіштік, патриоттық сезімдерін ояту қажет. Осы мақсатта 2023 жылдың қорытындысына сәйкес, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып,ауыл жастары қамтылды. Орталық көшелерге сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер ілініп, брошюралар таратылды.
Жамбыл ауылдық округінің әкімі Аронов Оспан Құмарұлы