«Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауы бойынша 2023 жылдың 8 айы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«22» қыркүйек 2023 жыл Жангелдин ауылы
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
1) Багдаров Аманкелди Оразбаевич-округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы;
2) Байдаулетова Рысбике Нурымовна-зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы;
3) Ескалиева Гульфайрус Каиргалиевна-округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісі;
4) Куанышева Жанар Максотовна-округ әкімі аппаратының бас маманы;
5) Қадиева Тыныштық Қадиқызы-округ әкімі аппаратының бас маманы;
6)Мурзагереев Дулат Сейтжанович-округ әкімі аппаратының бас маманы.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
1) округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі қарай-НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Округ әкімі аппараты-әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
Округ әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республиксының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де НҚА-ға, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады. Есепті кезеңде округ әкімі аппаратында өз қызметін жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар орын алмаған.
Мекен-жайы: Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылы, Демеу Асанғалиев көшесі, №3А
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, НҚА-ді зерделеді.
2.1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
Округ әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 5 бірлікті, техникалық қызметкерлер15 бірлікті құрайды.Округ әкімі аппаратында, округке қарасты мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдау, аудандық Мансап орталығы филиалының жолдамасы арқылы жүргізіледі.
Округ әкімінің 2023 жылғы 28 ақапандағы №24 өкімімен округ әкімі аппаратының бас маманы Ж.Куанышеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік шарақолданылды.
Округ әкімінің 2023 жылғы14 сәуірдегі №46 өкімімен К.Бурабаев, А.Аязбаев, Т.Жумыргожиев келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты округ әкімі аппаратының от жағушы лауазымынан босатылды.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Иғалидың 2023 жылғы 13 маусымдағы №06-06-01-02/1388 санды хаты негізінде округ әкімінің 2023 жылғы маусымдағы №68а өкімімен Р.Көпбаева келісім-шарт негізінде округ әкімінің аппаратына 0,5 бірлікпен «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен ауысу тәртібімен жұмысқа қабылданды.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
Округ әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы бар фактілер анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету;
Округ әкімінің аппаратында Е-лицензия базасы қолжетімді жұмыс жасайды.Қазіргі таңда 5 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылып отыр.«Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы халыққа қызмет көрсетуде. Бұрыш қажетті жабдықтармен жабдықталып, ағымдағы жылдың 8 айы бойынша 322 электрондық цифрлық қолтаңба және 423 электрондық көрсетілетін қызметтер көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауыл тұрғындарына насихаттау бағытында округ әкімінің аппаратында заңдылықтар ілінген стенд, көшелерге баннер ілінсе facebook,telegram әлеуметтік желілерінеақпараттар салынып,брошюралар таратылды. Сонымен қатар, аудандық «Қызылқоға» газетіне 2 мақала жарияланып, Атырау облысы интернет ресурстарына, яғни atyrau.gov.kzсайтына жарияланды.Электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алуға болатындығы жөнінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысын тиімді ұйымдастыру, насихаттау, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 4 түсіндірме, 1 ашық есік күні, 2 семинар өткізілді.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
Округ әкімі аппаратының ережесінде рұқсат беру функциялары көзделмеген.
2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
2023 жылдың сәуір айында аудан әкімініңуақытша міндетін ақарушы Е.Иғалидың және 2023 жылы тамыз айында аудан әкімінің Жангелдин ауылының тұрғындарымен кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы уақытылы аудан әкімі аппаратына берілуде.
Округ әкімі А.Багдаровтың 2023 жылдың І тоқсанда және ІІІ тоқсанда округ тұрғындарымен кездесуіндегі ұсыныс пікірлер бекітіліп, орындалысы туралы мәліметтер жинақталып отыр.
2.6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
Жангелдин ауылы көшелеріндегі ауыспаған көше шамдарын лед шамына ауыстыру жұмыстарына 3800,0 мың теңгеге баға сұранысын сұрату тәсілімен жарияланған болатын. Жеңімпазды анықтау қортындысы негізінде, ЖК Байбатыров Дарханмен 2388990 теңгеге шарт жасалды. Жангелдин ауылындағы 2 көшеге 34 дана лед шамын бағанаға орнатылып, (линия) тартылды. Округтегі 8 көшеге 62 дана көше шамдарын лед көше шамына ауыстырылды. Жұмыс толығымен орындалып, қаржысымен толықтай есептесті.
011 028 – облыстық бюджеттен тал егуге 450,0 мың теңге бөлінді. Баға сұранысы тәсілімен жарияланып, нәтижесінде ИП Сапа-ға 277,0 мың теңгеге шарт жасалды. Нәтижесінде 75 түп айлант талы егіліп, жұмыс толықтай орындалды. Аудандық трансферттен QR код орнату жұмыстарына 2142,0 мың теңге бөлінді. Баға сұранысы тәсілімен жарияланып, нәтижесінде "Energy Stroy Kz"ЖШС -мен 840,0 мың теңгеге шарт жасалды. Нәтижесінде 9 көшедегі 313 нүктеге көше арналған QR код маңдайшалары мен аншлагтары орнатылып, жұмыс толықтай орындалды.Жангелдин ауылы орталық көшелеріне және кірме жолға 6 дана екі жақты билборд орнату жұмыстары үшін 1850,0 мың теңге бөлінді. Баға сұранысы тәсілімен жарияланып, нәтижесінде ЖК Төлешов Нәсіпқали-мен 999 999 мың теңгеге шарт жасалды. Нәтижесіндеекі жақты (көлемі 3х2) 6 дана бильборд орнатылып, жұмыс толықтай орындалды.8 дана контейнер жасату жұмыстарына 460,0 мың теңге бөлінді. Баға ұсынысын сұрату негізінде 459200 теңге ЖК Абдирова Айнашпен шартқа отырылып, толық орындалды.15 дана урна жасату жұмыстарына 975,0 мың теңге бөлінді. Баға ұсынысын сұрату негізінде 725,0 мың теңге ИП Аширов Асетпен шартқа отырылып, жұмыс толық орындалды.
10 дана контейнер қоршауы жұмыстарына 1540,0 мың теңге қаралып, Баға ұсынысын сұрату негізінде 989 990 теңге ИП Байбатыров Дарханмен шартқа отырылып, толық орындалды.
Үнемделген қаражат есебінен ауыл ішілік контейнерлер мен урналарды тазалау жұмыстарына 1400,0 мың теңге қаралды. Баға ұсынысын сұрату негізінде 1400,0 мың теңгеге ИП Жекеев Дарханмен шартқа отырылып, ай сайын орындалды.
2.7. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
2023 жылдың 8 айы бойынша округке «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы, жеке тұлғалардан 2 өтініш, заңды тұлғалардан өтініш түспеген.
Жеке тұлғалардың 2 өтінішіне жазбаша түсінік берілді. Ай сайын арыз-шағым жөнінде тиісті акт жасақталып, аудан әкімі аппаратына уақытылы есебі тапсырылып отыр. Аталған өтініштер мерзімінде орындалады.
2.8. Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
Жангелдин ауылдық округі әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының талаптары қатаң сақталады.
Жанггелдин ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңынамасы тақырыбында ақпараттар орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, аудандық «Қызылқоға» газетіне және Қызылқоға ауданының ресми интернет ресурсына мақалалар жарияланды.
Округке келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-60-30 бекітілген.
III. Персоналды бағалау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
|
Мемлекеттік орган |
Табиғи және техногендік сипаттағы (дала өрті, су тасқыны, қар басу) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын еріктілерге жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыстар атқарғаны үшін қызметтеріне ақы төлеу мәселесін шешу жолдарын қарастыру. |
Еріктілердің жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыстар атқарғаны үшін қызметтеріне ақы төлеу мәселесінің шешілмеуі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары |
|
Мемлекеттік орган |
Округ әкімінің аппаратында трактор жүргізуші штаты болмауына байланысты теңгерімдегі трактордыаула сыпырушы жүргізіп отыр. Аталған тұлғаның функционалдық міндетіне жатпайтындығына байланысты штат мәселесін қарастыру. |
Тракторжүргізуші штат мәселесінің шешілмеуі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары |
Талдау нәтижесінде округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептерді жою бойынша ҰСЫНЫМДАР:
1.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөліміне дала өрттерін сөндіруге, су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысатын еріктілердің жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыстар атқарғаны үшін қызметтеріне ақы төлеу мәселесін қарау үшін ұсыныс хат жолдау.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен туындайтын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құрып, бекіту.
Жұмыс тобы мүшелері:
|
Округ әкімі, жұмыс тобының төрағасы |
А.Багдаров
|
|
Зейнеткер, «Аналар» кеңесінің төрайымы |
Р.Байдаулетова
|
|
Округ әкімі аппаратының бас-маман есепшісі |
Г.Ескалиева
|
|
Округ әкімі аппаратының бас маманы |
Ж.Куанышева
|
|
Округ әкімі аппаратының бас маманы |
Т.Қадиева
|
|
Округ әкімі аппаратының бас маманы |
Д.Мурзагереев
|