Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болса, ал стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін қоғамның тіршілік әрекетінің барлық саласында болдырмау, бүгінгі күн тәртібіндегі үлкен мәселе болғандықтан бөлім қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ету білу күн тәртібінен түскен емес.
Жыл басынан бөлім арқылы ашылған “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ”facebook парақшасында5 және kyzylkoga_kasipkerlik инстаграмм парақшаларында 3 әртүрлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары, хабарландырулар, мәліметтер жарияланса,25 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында 2021-2025 жылдарға арналған, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде несие беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, бөлімнің қабылдауында 65 адам болып (несие қаражатын алу, грант алу, сертификатқа оқу, кәсіпкерлік ашу және т.б) кеңестер алды.
Бөлім алдағы уақытта да, Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
З.Сарбуфеева